Қос ауданда – көшелі істер - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ жұмыс сапарымен Жаңаарқа және Нұра аудандарында болды.

Аймақ басшысы Жаңаарқа ауданындағы ветеринарлық станцияға ат басын бұрды. Мұнда аудан әкімі Ғабдрахман Омаров баяндама жасады. Оның айтуынша, бұл күні станцияда 57 маман жұмыс істейді. Оның арасында 33 ветеринар бар.

Бұдан соң Нұрмұхамбет Қанапияұлы «Шұбаркөл көмір» АҚ вахталық кентіне барды. «Центральный» разрезіндегі жұмысты көріп, HitachiEX-3600 экскаваторы және БелАЗ-220 арнайы техникасымен танысты. Шұбаркөлдіктер Қазақстанда бірінші болып осындай ірі техникаларды өндіріске пайдаланған болатын.

Вахталық кентте кеншілер өміріне қажет барлық жағдай жасалған. Тұрғын үйлер теледидарлармен, тоңазытқыштармен жабдықталған. Сондай-ақ, жылы су, шайынатын бөлме, асхана, спорт залы, жуынатын орын, кір жуатын комбинат, медициналық пункт және телефон желісі де кеншілердің игілігінде.

Аталған акционерлік қоғамға қарасты «Сарыарқа Спецкокс» ЖШС зауытында Нұрмұхамбет Әбдібековке арнайы коксты байыту барысы таныстырылды. Кәсіпорын директоры Сабыржан Иманбаев осы нысандағы жұмыстарға егжей-тегжейлі тоқталды.

 

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2507
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1088
count 88x31px