Патриоттық үлгісін көрсетті - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Патриоттық үлгісін көрсетті
Жансая ОМАРБЕКОВА,
«Орталық Қазақстан»

Біздің өңір де жалпықазақстандық ашық диктантқа атсалысты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған шараға облыстың барлық қалалары мен аудандарынан 3500-ге жуық адам қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі диктант негізіне айналды.    

Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Тілеубек Камалиевтың айтуынша, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі отбасының амандығы, қоғамдық тұрақтылық, бейбіт аспан, ертеңгі күнге сенімділік сияқты маңызды мәселелерден құралған.
– Тұрақтылық пен ауызбіршілік – біздің қоғамның тірегі. Оны сақтауға әрқайсымыз үлес қосуымыз керек. Сондықтан, осы шараның әр қатысушысына ризашылығымды білдіріп, сәттілік тілеймін,– деді ол.   
Қарағанды облыстық  ғылыми әмбебап кітапханасында өткен шараға ұзын саны жүзден астам адам қатысты. Оның ішінде, этно-мәдени бірлестіктердің, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, сонымен қатар, жастар ұйымдары, студенттер, тіпті, зейнеткерлер де бар.
Шахтинск қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Анарбек Жүнісов осы шараға қатысып, азаматтық көзқарасын білдіруге арнайы келіпті.
Қарағанды облыстық  ғылыми әмбебап кітапханасының директоры, тексеру комиссиясының мүшесі Дина Аманжолова шараның басты мақсаты ретінде қазақстандықтардың қазақ тілін білуі және сауатты жазуы, сол арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру екенін айтып өтті.
Жалпықазақстандық ашық диктантқа қатысушылардың 30 пайызы «өте жақсы» деп бағаланса, 44 пайызы «жақсы» нәтиже көрсетті. Үздік жұмыс авторлары арнайы Алғыс хаттармен марапатталатын болады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 286
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px