«Өрлеу» отбасын өрге сүйрейді - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 ақпандағы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмасын іске асыру мақсатында облыста 2015 жылғы 1 шілдеден бастап «Өрлеу» жобасы аясында Теміртау, Сәтбаев қалалары, Жаңаарқа, Осакаров аудандарында пилоттық тәртіпте әлеуметтік келісім-шарт негізіндегі шартты ақшалай көмекті ұсыну енгізілді.

2015 жылдың қорытындысы бойынша аталған аймақтарда 187 адам жоба қатысушысы болса, ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін «Өрлеу» жобасы аясында шартты ақшалай көмек 173 адамға тағайындалды.

«Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізудің негізгі мақсаты – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына аз қамтылған азаматтардың қатысуын ынталандыру, бұл өз кезегінде отбасы табыстарының ұлғаюына және кедейліктің төмендеуіне әкелетінін атап өткен жөн.

«Өрлеу» жобасына орташа айлық табысы жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен болатын отбасылар (азаматтар), егер еңбекке жарамды отбасы мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді түрлеріне қатысқан жағдайда қатысуға құқылы.

Шартты ақшалай көмектің мөлшері отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызы арасындағы айырма түрінде есептеледі.

Жобаға қатысатын отбасы өзінің әлеуметтік белсенділігін арттыру шарттарын орындаған жағдайда ғана қаржылай көмек алады.

Отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру келісім-шарты жобаға қатысатын отбасы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында жасалады. Келісімшарт бойынша отбасы мүшелері қиындықтарды жеңу үшін өзінің әлеуметтік белсенділігін арттыруға, яғни, жобаға қатысушы уақытша қосымша жәрдемақының орнына қолынан келгенше жұмысқа орналасуға, қажет болса, басқа мамандықтарды қайта үйренуге және өз отбасын өмір сүрудің басқа сапалы деңгейіне шығаруға міндеттеме алады. Аталған келісім-шарттың орындалуы тұрақты түрде уәкілетті органдар тарапынан бақылауда болады.

Шартты ақшалай көмек аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрақты ай сайын, мақсатты біржолғы немесе жарты жыл бойына бірнеше төлемге бөлінген ақшалай төлемдер түрінде көрсетілуі мүмкін.

«Өрлеу» жобасы ай сайынғы немесе біржолғы төлем түрінде шартты ақшалай көмек көрсетумен қатар, жобаға қатысушыға бірнеше мүмкіндіктер ұсынады: жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге, мамандық алуға, қосымша мамандық алу үшін қайта даярлықтан өтуге, қажет болған жағдайда отбасының әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды көздейді.

Әлеуметтік келісім-шартқа негізделген көмек – қоғамның ілгері дамуының шарты және кедейлікті жеңудің жолы, отбасының әлеуметтік көмекпен ғана шектеліп, еңбек нарығында белсенділік танытпаудан сақтайды.

Егер отбасы жобаға қатысуға дайын болса, әңгімелесу жүргізіледі, онда: үміткердің шартты ақшалай көмекті алуға құқығы, отбасы мүшелеріне жеке мүмкіндіктеріне қарай көрсетілетін әлеуметтік қызмет түрлері, отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру келісімшартына отбасының әрбір еңбекке жарамды мүшесі үшін енгізілген бейімдеу шаралары анықталады.

«Өрлеу» жобасына қатысып, шартты ақшалай көмек алуға құқығын анықтау үшін тұрғылықты мекен-жай бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өтініш білдіру қажет.

Лайықты жұмыспен қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, дамуымыздың басты шарты және адамзат мүмкіншілігі қорын іске асырудың жолы, қоғамдық байлықтың өсуі мен өмір сүру сапасын асыру шарасы бола бермек.

 

Н.БЛЯЛОВ,

Жұмыспен қамтуды

үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

басшысының

орынбасары.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 387
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px