«Өрлеу» өрге бастайды - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

«Өрлеу»  өрге  бастайды
Әлеуметтік әлсіз топтардың әл-ауқатын көтеруге елімізде барлық негіз бар. Халықты жұмыспен қамту – Үкімет саясатының басым бағытына айналуда. Бүгінде Осакаров ауданында «Өрлеу» жобасы шеңберінде аталған бағдардағы жұмыстар табыспен атқарылуда.
«Өрлеу» жобасы әлеуметтік әл­сіз топтарға кедейліктен шығу үшін қаржылай көмек беретін жаңа жоба болып табылады. Елбасының тапсырмасы бойынша өткен жылдан бастап, ауданымызда «Өрлеу» жобасы аясында аз қамтылған, жұмысқа жарамды отбасыларға, тек, жәрдемақы төлеумен шектелмей, әлеуметтік қамтамасыз ету және кәсіби бейімдеу жұмыстары басталды.
Алдымен барлық кенттік және селолық округтерде бағдарлама жобасын түсіндіру, насихаттау шаралары өткізілді. Өткен жылы 17 белсенді топтан 92 адамға демеу көрсетілді. Оның 61-і жасөспірім болса, тұрмысы төмен еңбек жасындағы 31 отбасынан 17 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Еңбек нарығында 2 кәсіпкер шаштараз, құрылыс саласы қызметі кәсібін ашты. Осының нәтижесінде шартты ақшалай көмек (ШАҚ) алушылар арасынан адрестік әлеуметтік көмек 7,6 пайызға, мемлекеттік балалар жәрдемақысы 70,6 пайызға реттеліп, алғаш өтініш бергендер 21,7 пайызды құрады. ШАҚ алатын аз қамтамасыз етілген отбасының 1 адамына берілетін орташа қаражат 4649,6 теңгені құрады.
2015 жылы «Өрлеу» жобасын жүзеге асыруға аудан жергілікті бюджеттен 2566 мың теңге бөлді. Аудан тұрғындарын «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы шегінде оқыту, қайта оқытудың мүм­кіндіктеріне кеңейтілген қол­жетімдікті ұсыну арқылы іске асыру, отбасы өмірінің деңгейі мен сапасын көтеру, жеке меншік қосалқы шаруашылығын және әлеуметтік қорғау мен білім саласындағы басқа да қызметтерді дамыту жүйелі жүзеге асыра бастады.
Отбасылармен жұмыс істеудің жаңа түріне Осакаровка кентінен Фунтасовтар әулеті қатысып, мақсатты көмек арқылы отбасының материалдық жағдайын түзеп алды. Олардың отбасындағы 9 баланың 4-уі мектепте оқиды, қалғандары мектеп жасына әлі жете қоймаған. Отағасы жұмыссыз, балалардың анасы 3 жылға дейін бүлдіршін күтімімен отырып қалған. Отбасының әр мүшесіне шаққандағы айлық табысы күнкөріс деңгейінен төмен 51690 теңге шамасында болған. Жұмыс істеудің жаңа түрі «Өрлеу» жобасына сәйкес жобаға қатысудың шарты болып табылатын міндеттемелермен 6 айға шарт жасалынып, 374086 теңге қаржылай жәрдем көрсетілді. Отбасының  қиын өмірлік жағдайынан шығуына ықпал­дасатын әлеуметтік көмек нәтижесінде отбасы сауын сиыры мен 3 қой,  жұмыртқа басатын инкубатор сатып алды.
Осындай жәрдем жалғызбасты ана Наталья Федуловаға да көрсетілді. Оның екі баласы бар. Отбасының 3 айлық табысы 21000 теңгені құраған. Отбасыға халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін мақсатты түрде 141588 теңге берілген болатын. Енді бұл отбасы да мемлекеттен көмек сұрамай, өз бетімен табыс табуда. Нәтижесінде, ғимаратты жалға алып, шаштараз ашып, отбасылармен жұмыс істеудің жаңа түрі «Өрлеу» бағдарламасы арқылы халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді қамтамасыз етіп келе жатыр.
Ауданда «Өрлеу» жоспарын іске асыру қортындысы біршама нәтижелі. 9 отбасы ірі қара мал, 6 отбасы қой-ешкі сатып алса, 1 отбасы құс асырауды жүзеге асыра бастады.
2016 жылы «Өрлеу» жобасына республикалық бюджеттен 10532 мың қаржы бөлінді. Оның ШАҚ алушыларына 2492 мың, заңды кеңесшіге 955 мың, ассистентке 7085 мың теңге қарастырылып, қосымша жергілікті бюджеттен 1 млн теңге бөлініп отыр. Аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бағдарлама қатысушыларына кон­сультациялық кеңестер беруші 1 консультант, 10 ассисентпен келісім шарт жасалды.
Сәуір айынан бастап, мобильді топ белгіленген кестеге сай, тұрғын­дармен кездесу өткізе бастады. Аудан әкімдігінде үлкен семинар кеңес, 2 дөңгелек үстел өткізілді.
Ассистенттер мен консультанттар барлығы 382 отбасынан 1825 адамды қамтып, Жансары, Чапаев, Мирный ауылынан басқа елді мекендерді аралап өтті.
Биылғы жылдың 1 мамырына 15 отбасымен әлеуметтік келісім жасалды. Қамтылған 80 адамның 54-і 18 жасқа дейінгі жеткіншек болса, 8 ана бала күтімімен отыр екен. 14 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 1 адам әлеуметтік жұмысқа алынды.
Тұрмысы төмен азаматтардың тұрақты дербес табыс көзі арқылы өзінің өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартуы үшін жыл аяғына дейін тағы да 10 отбасынан 60 адамды қамту жоспарда бар. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы ше­гінде 8 адам механик мамандығына оқытылмақ.

А.ТӨЛЕУОВА,
Осакаров аудандық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
басшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 332
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px