«Өрлеу» жобасының негізгі тәсілдері - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

«Өрлеу» жобасының негізгі тәсілдері
Мемлекет басшысының  бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 84-қадамын тиімді орындау мақсатында әлеуметтік қызметтер мен көмек алушы арасындағы әлеуметтік келісім-шарт негізінде қолданыстағы атаулы әлеуметтік көмек көрсету механизмін жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған жана тәсіл «Өрлеу» пилоттық жобасы аясында енгізіледі.
«Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізудің мақсаты – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға аз қамтылған азаматтардың санатын ынталандыру болып табылады. Шартты  ақшалай  көмек (бұдан әрі – ШАК) – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім-шартының талаптары бойынша жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен (2016 жылдың II тоқсанына 11523 теңге) жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем.
Әлеуметтік келісімшарт – бір жағынан, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен қамтылған және табысы аз азаматтары мен оралмандар қатарындағы жеке тұлға және екінші жағынан, халықты жұмыспен қамту орталығының арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім.
Отбасының  белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісім-шарты негізінде ШАК тиімділігінен күтілетін нәтижелер:
– еңбекке жарамды ШАК алушылардың еңбек қабілеттілігін жетілдіру;
– табиғи және ақшалай үлгідегі үнемі өзіндік кіріс көздері есебінен аз қамтылған азаматтардың   тұрмыс деңгейінің өсуі;
– отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуі;
– ШАК алушылардың әлеуметтік жауапкершілігінің өсуі және олардың қамқорлығындағы адамдардың шектелуі болып табылады.
Үміткер «Өрлеу» жобасына қатысу үшін жеке өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті орган Поспелов көшесі, 16 үйде орналасқан «Қарағанды қаласының жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар» ММ-іне өтініш береді. Жұмыс уақыты – сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс (сенбі, жексенбі) және мерекелік күндерді қоспағанда, телефон 30-02-52.


Б.ЖАЙНАЗАРОВ,
Қарағанды қаласының жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 151
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px