Құрметті қарағандылықтар! - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Құрметті  қарағандылықтар!              
Сіздерді ұлағатты мереке – Наурыз  мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Халқымыз ұлы күнге бағалаған, жыл басы санаған жасампаз Наурыз – бірлік пен береке мейрамы.
Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат – Анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен ынтымақтың арқауы деп бағалаған.
Әсемдік пен махаббатқа бөлейтін Наурыз – халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дәріптейді және барлық қазақстандықтар атап өтетін бүкіл халықтық мереке болып табылады. Осы күні жыл бойы өткен-кеткен ренішті кешіріп, айналаңдағыларға қуаныш пен жақсылық сыйлайсың.
Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұлтаралық қатынастар саласындағы салиқалы саясатының арқасында біздің елде бейбітшілік пен татулық орнатылды.
Сондықтан, біз басты байлығымыз – берекелі бірлігімізді көздің қарашығындай сақтауымыз қажет.
Әр жыл сайын әлеуеті мен қуаты артып келе жатқан еліміздің ажары мен айбыны осындай игі дәстүрлерімізбен асқақтай бермек!

Қымбатты қала тұрғындары!
Дастарқанға ақ толатын, елімізге бақ қонатын бүгінгі арайлы шақты халқымыз Ұлыстың ұлы күні деп атаған.
Бұл күн Отанға деген шынайы сезім – мемлекеттік сананы орнықтырады.
Баршаңызға, әр отбасына шын жүрегімізден, шынайы көңілмен бақ-береке тілейміз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын!
Н.Әубәкіров,
Қарағанды қаласының әкімі.
Қ.Оспанов,
Қарағанды қалалық
мәслихатының хатшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 205
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px