Құрметті қарағандылықтар! Құрметті ата-аналар, балалар! Қымбатты қонақтар! - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Құрметті қарағандылықтар!

Құрметті ата-аналар,

балалар!

Қымбатты қонақтар!

 

Сіздерді балалық шақтың басты мерекесі – Балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында жас ұрпаққа баса назар аударады.

Бүгін біздің елімізде, әлемнің басқа да елдеріндегідей Балаларды қорғау күні атап өтілуде.

Бұл мереке барлық ересектерге желкілдеп өсіп келе жатқан жастардың, балалардың тағдыры мен болашағына деген жауапкершілікті еске салу­ға арналған. Бала – біздің болашағымыз, сол себепті біз балаларымыздың қалыпты өмір сүруі үшін, олардың құқықтары сенімді қорғалуы үшін қажетті жағдайдың бәрін жасауға міндеттіміз.

Бұл бағытта Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында елімізде қыруар жұмыстар жасалып жатыр. Мемлекет басшысы барлық билік органдары назарын жас буынды тәрбиелеуге, олардың барлық өзекті мәселелерін шешуге, әлеуметтік базаны нығайтып, дамытуға, барлық салаларда жас дарындарды қолдауға, ата-ананың аялы алақаны мен жүрек жылуынан айырылған балаларға, мүгедек балаларға ерекше көмек көрсетуге аударып келеді.

Қарағанды қаласында эк­ономиканы дамытумен қа­тар, әлеуметтік мәселелер де шешіліп келеді. Қазіргі за­манғы құрал-жабдықтармен жарақ­тандырылған, балалар сапалы білім мен тәрбие ала алатын жаңа мектептер салынуда. Жас бүлдіршіндердің жан-жақты дамуына қажетті барлық жағдай туғызылған бала бақшалар ашылып жатыр.

Балалар – өмірдің көркі. Оларды қорғау, қамқор жасау – біздің басты міндетіміз және борышымыз.

Балалардың бақытты бет-жүзін көру біздер үшін өте үлкен бақыт.

Ендеше, біздің балалар үшін жазғы демалыстар қызықты және жарық болсын.

Мерекелеріңізбен, қымбатты достар! Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт және құт-береке тілейміз!

Н.ӘУБӘКІРОВ,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.БЕКСҰЛТАНОВ,

Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 346
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px