Құрметті қарағандылықтар және қала қонақтары! - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Құрметті қарағандылықтар және қала қонақтары!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!
2016 жылдың 22 наурызында сағат 12.00-де «Тәу­ел­­сіздік» алаңында өтетін «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік театрландырылған қойылымды тамашалауға шақырамыз.
Мерекелік бағдарламада:
• Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының әртістері, академиялық музыкалық комедия театрының балет әртістері, «Аққу» фоль­клорлық ансамблі, әуесқой хореографиялық ұжымдары, «Волшебная страна», «Қуаныш», «Аяла», «Нұрби», «Джиронимо» ансамбль­дерінің қатысуымен «Армысың, әз Наурыз!» театрландырылған қойылымы.
• Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Мерей» және «Арай» кәсіби өнер ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама.
• Тұңғыш рет «Тойқазан - 2016» атты қазақ халқының ұмыт болған ұлттық ас мәзірлері және жаңа тағам түрлері мен «Сарыарқа өрнектері» неофольклорлық-стильді қазақ халқының ұлттық киім үлгілерінің аймақтық байқауы.
• Әрі қарай Академиялық музыкалық комедия театрының әртістері мерекелік бағдарламаны әрлендіреді.
• Бағдарламаны Қарағанды қаласының үздік көркемөнерпаздар ұжымдары жалғастырады.
• Мерекелік бағдарламаны Кеншілер мәдениет сарайының үздік әуесқой ұжымдары аяқтайды.
Мерекелік бағдарлама сағат 12.00-ден 19.00-ге дейін жалғасады.
Ұлыстың Ұлы күнін бізбен бірге қарсы алыңыздар!
Наурыз мейрамы құтты болсын!

ЕСКЕРТУ: Мейрам күні Бұқар жырау даңғылының Н.Әбдіров даңғылы қиылысынан бастап, Бейбітшілік бульвары қиылысына дейінгі аралығы жабық болады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 368
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px