Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері! - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мере­ке­леріңіз – Медициналық қыз­мет­керлер күнімен шын жүрек­тен құт­тықтаймыз!
Қазақстан Республика­сының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайынғы Жолдауын Қазақстан халқының өсіп-өркендеуіне, мемлекеттің қауіпсіздігіне және әл-ауқатының артуына арнайды.
Сіздер де өздеріңіздің кәсіби парыздарыңызды абыроймен атқарып келесіздер. Қиын сәт­терде сіздер көмек қо­лын созып, науқастың дертіне дауа, шипа қыласыздар. Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында тоқтаған жүректер қайта соғып, үзілген үміттер қайта жалғанып жатады.
Алғашқы медико-санитар­лық көмек, жедел жәрдем мен ста­ционарлық көмек те айтарлықтай дамып келеді. Емдеу мекемелерін қазіргі заманғы медициналық техникалармен жабдықтау, заманауи медициналық технология­ларды енгізу – тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттыруға, әрбір отбасының, әрбір азаматтың денсаулығын жақсартуға оң ықпалын тигізіп отыр.
Дегенмен, медициналық қыз­мет сапасы ауруханалар мен емханалардың санына ғана емес, жоғары тех­нологиялық құрал­дармен жаб­дықталу деңгейіне, меди­циналық кадрларға де тіке­лей байланысты.
Осынау шуақты мереке күні отандық медицина сала­сының бастауында тұрған арда­герлерімізге, Қарағанды қала­сының денсаулық сақтау саласын қалыптастыруға қа­рымды үлес қосқан қайрат­кер тұлғаларға шексіз алғыс­ымызды білдіреміз. Олардың салған сара жолдары мен даңқты дәстүрлері бүгінгі күні де өңіріміздің алдында тұрған межелі міндеттерді шешуге оң әсерін тигізіп келеді.
Ардақты медицина қызмет­керлері!
Салауатты өмір салтын қа­лыптастыру, дені сау ұлт болып өсу жолындағы еңбектеріңізді бағалап, зор алғысымызды біл­діреміз.
Сіздерге зор денсаулық, от­басыларыңызға амандық, еңбек­теріңізге табыс пен пара­саттылық тілейміз!

Н.Әубәкіров,
Қарағанды қаласының әкімі.
Қ.Бексұлтанов,
Қарағанды қалалық
мәслихатының хатшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 537
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px