Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері! - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Бүгін біз сіздердің кәсіби мерекелеріңіз – қазақстандық полиция күнін атап өтудеміз.

Полицияда қызмет істеу – маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Сіздерге қоғамдық тәртіпті қорғау, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз ету және қылмыспен күрес, оның алдын алу бойынша күрделі міндеттер жүктеледі.

Сіздер күнделікті қызметтеріңізде адамдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін шешуге атсалысасыздар. Халық көп жағдайда биліктің демократиялылығы мен пәрменділігін сіздердің іс-әрекеттеріңізге қарап бағалайды.

Қазақстандық полиция өзінің құрылған күнінен бастап ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алға қойған міндеттерін табысты жүзеге асырып келеді.

Біз сіздердің кәсіптеріңіздің қаншалықты қиын, тіпті кей жағдайларда аса қауіпті де екендігін жақсы білеміз. Сондықтан да мемлекет те, жергілікті билік органдары да сіздердің еңбектеріңізге қолайлы орта туғызу үшін, материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін барлық жағдайды жасап келеді.

 

Қадірлі ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтап, мінсіз қызметтеріңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз.

Сіздерге және барлық туған-туысқандарыңызға мықты денсаулық, ырыс пен береке және еңбекте толағай табыс тілейміз.

 

Н.Әубәкіров,

Қарағанды қаласының әкімі.

Қ.Бексұлтанов,

Қарағанды қалалық

мәслихатының хатшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 669
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px