Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері! - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстандық полиция күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Қазақстандық полиция құ­рылған уақытынан бері ел Пре­зиденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоғамдық тәртіп пен азамат­тардың қауіпсіздігін қамту мақсатындағы тапсырмаларын мүлт­іксіз орындап келеді. Ішкі істер органдары жұмысының қоғам дамуына, Қазақстанның экономикасы қуатты, тәуелсіз ел ретінде ілгері қадам басуына тигізер себі мол.

Бұл іске құрамына кәсіби, өз ісіне адал қызметкерлер топтасқан Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің де қосар үлесі ерекше.

Сіздердің кәсіп қаншалықты қиын, әрі қауіпті екендігін біз жақсы түсінеміз. Сондықтан, мемлекет, жергілікті билік органдары ішкі істер органдары жұмысын тиімді ету үшін барлық жағдайды жасауда. Осы мақсатта жыл сайын арнайы қондырғылар, киім-кешек пен автокөліктер сатып алып, қызметтік баспана беру үшін бюджеттен ауқымды қаражат бөлінеді. Соңғы жылдары біздің өңірде жаңашыл бастамалар көтеріліп, әкімшілік полиция мен өзге де құрылымдар қызметінде алдыңғы қатарлы технологиялар пайдаланылуда.

Жеткен жетістіктер, әсіресе, облыстың ішкі істер органдары қызметкерлерінің алдыңғы қатарлы буыны салған дәстүрдің нәтижесі екендігі сөзсіз.

Қалыптасқан дәстүр, тәжіри­бе мен заманауи білім Мем­лекет басшысы жүктекеген тапсыр­маларды орындауға, қызметтік мін­детті үлгілі және жауапты атқаруға, кәсіби шеберлікке қол жеткізіп, антқа – адалдық, халыққа – қызмет етуге мүмкіндік береріне сенімдіміз.

Кәсіби мерекелеріңізбен құт­тықтай отырып, адал қызметтеріңіз үшін алғыс айтамыз.

Сіздерге зор денсаулық, бақыт-байлық, қырағы қызметтеріңізге та­быс тілейміз.

Н.ӘБДІБЕКОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Р.ӘБДІКЕРОВ,

облыстық мәслихаттың хатшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 873
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px