Құрметті ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметшілері мен ардагерлері! - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Құрметті ұлттық қауіпсіздік

органдарының қызметшілері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекеле­ріңізбен шын жүректен құт­тықтаймыз!

Сіздер өз өмірлеріңізді ауыр да қауіпті қызметке, Отанымыз Қазақстанның абыройын қызғыштай қорғауға арнадыңыздар.

Ұлттық қауіпсіздік органдары – мемлекеттің мүддесі мен азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау ісінің алғы шебінен орын алады. Сіздерге еліміздегі тұрақтылықты сақтауда, терроризммен күресте, эко­номикалық қылмыстардың алдын алуда маңызды міндеттер жүктеледі. Сіздердің қызметтеріңіздің, тапсырылған тапсырмаларды нақты әрі дұрыс орындауларыңыздың арқасында қоғамымыздағы тыныштық сақталып, бейбіт өмір жалғасып келеді.

Батылдық, кәсіби шеберлік, бекем бірлік пен те­мірдей берік тәртіп, қырағылық пен жеделдік қасиеттері – ұлттық қауіпсіздік органдары қызметшілеріне тән сипаттамалар болып та­былады.

Бүгінде біздің облыс тұрғындары алаңсыз еңбек етіп, гүлденген мемлекеттің іргесін тұрғызуда. Бұл, әрине, сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің нәтижесі.

Біз сіздерге арқа сүйейміз. Сіздердің қырағы қызметтеріңіздің арқасында жерлестеріміз бұдан да қарқынды еңбек етіп, Отанымыздың мемлекеттік жүйесі нығая беретініне сенімдіміз.

Сіздерге және сіздердің жа­қындарыңызға денсаулық, бақыт пен береке, қызметте жаңа белестер тілейміз.

Н.ӘБДІБЕКОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Р.ӘБДІКЕРОВ,

облыстық мәслихаттың хатшысы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2680
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px