Құрметті мемлекеттік қызмет органдарының қызметшілері! - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Құрметті мемлекеттік қызмет органдарының қызметшілері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймыз!

Ең жауапты, жоғары моральдық және кәсібилікті қажет ететін іс – азаматтармен жұмыс Сіздерге тапсырылды. Дәл осы мемлекеттік органдарға азаматтар өз өтініш-арыздарымен, өзекті мәселелерімен ат шалдырып, мүдделері мен заңды құқықтарын қорғауды сұрайды. Өз ортаңыздағы адамдарға қызмет етуден артық қызмет болмас. Білімдеріңіз бен қызметтеріңізге ел сенеді. Себебі, жерлестеріміздің өміріне қолайлы жағдай жасауда мемлекеттік қызметтің маңызы ерекше.

Мемлекеттік қызметшінің жұмысы асқан шеберлікті, жан-жақтылықты, жауапкершілікті, өзін-өзі бақылау мен төзімділікті қажет етеді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында, ең алдымен, «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» үшін нақты 15 қадамды белгілеп берді.

Гүлденген мемлекеттің негізі, тек, тиімді және кәсіби қызмет арқылы қалануы мүмкін. Міне, бүгін сіздердің адал еңбектеріңіз азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғаудың ғана емес, біздің басты стратегиялық ұстаным – азаматтардың әл-ауқатын арттырудың кепілі болып табылады.

Облысымыздың дамуы сіздердің патриотизм, жігерлі еңбек пен іске адалдықтарыңызға тікелей байланысты. Қазірдің өзінде мемлекеттік қызметшілердің тәуелсіздігімізді нығайтудағы үлесін зор мақтанышпен айтуға болады. Ал, алда – жаңа міндеттер мен мақсаттар.

Мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге денсаулық, Қарағанды облысының және Қазақстанның гүлденуі жолындағы еңбектеріңіз бен бастамаларыңызға серпін мен сенім тілейміз!

Н.ӘБДІБЕКОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Р.ӘБДІКЕРОВ,

облыстық мәслихаттың хатшысы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 863
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px