Құрметті облыс тұрғындары! - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Құрметті  облыс тұрғындары!
Қадірлі әскери  қызметшілер!
Отан қорғаушы күніне орай жүрекжарды құттықтауымызды қабыл алыңыз­дар!
Қазақстан өзінің мемлекеттік даму жолында заманауи және кәсіби әскер құруға, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға үнемі әрі ерекше көңіл бөліп келді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың Жоғарғы Бас қолбас­шы ретіндегі тұрақты қамқорлығы ар­қасында елдің Қарулы күштері оның сенімді қалқанына айналды. Олардың ұрысқа даярлық жағдайы жылдан-жылға артып келеді, қазіргі заманғы қару-жарақ және техникамен қамтамасыз етіліп, қатары білімі жоғары мамандармен толыға түсуде. Әскерде қызмет атқару жүз мыңдаған жас азаматтар, оның ішінде, біздің жерлестеріміз – қарағандылықтар үшін де ерлік пен патриотизмнің шынайы мектебіне айналды.
Отан қорғаушы күніне мемлекеттік мереке мәртебесі берілген, мұның қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудегі маңызы өте зор. Бұл – біздің Отанымыздың Тәуелсіздігін қорғау жолы тарихында тұрғандардың барлығына көрсетілген құрметтің айғағы. Отанды қорғау қай кезеңді алсақ та, Қазақстанның әр азама­тының қастерлі борышы және міндеті болған және бола береді.
Қазіргі таңда Қазақстан әскері сапында әскери қызметтің ауыртпалығын арқалап жүрген жандардың баршасын, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, жауынгер-интернационалистерді, қиын сәттерде Отан қорғаушылар қатарына қосылуға әзір адамдардың барлығын мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге мықты денсаулық, отбасы­ларыңызға жайлылық пен бақыт, істеріңізге табыс пен береке, бейбіт заман, ертеңгі күндеріңізге сенім, ашық аспан тілейміз!   
Н.ӘБДІБЕКОВ,
Қарағанды облысының әкімі.
Р.ӘБДІКЕРОВ,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 116
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px