Құрметті облыс тұрғындары! - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Құрметті облыс тұрғындары!

Сіздерді Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мерекенің біздің әрқайсысымыз үшін орны ерекше.

Біз үшін балалар – өміріміздің мәні мен басты құндылығы. Өмірде балалардың шат күлкісінен асқан құндылық жоқ.

Қазақстанда Отбасын, Ана мен Баланы әлеуметтік қолдаудың қуатты жүйесі іске қосылған. Ең бастысы, мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселесі оң шешімін табуда. Білім беру мекемелері мен балалар демалысы орталықтарының ғимараттарын салу мен жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Жас әрі толық емес отбасыларға көмек көрсетуге арналған іс-шаралар қолға алынды.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, біздің жерімізде туған әрбір бала – қазақстандық. Және ол мемлекеттің қамқорлығында болуы тиіс. «Бар жақсылық – балаларға!» деген ұран барлық ата-аналардың принципі болуы тиіс.

Қарағанды облысында балалардың өмірін жақсартуға бағытталған тың жобалар қолға алынуда. Сапалы, заманауи білім беру мен дарынды балаларды қолдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Қалалар мен аудандарда заманауи қондырғылармен, ғаламтормен жабдықталған балабақшалар мен мектептер ашылуда. Олар оқу үрдісінде интерактивті, қашықтықтан оқыту әдістерін пайдалануға мүмкіндік береді.

 

Қымбатты балалар!

Олимпиадалардағы, ғылыми жарыстардағы, оқудағы, шығармашылық пен спорттағы жетістіктеріңіз – бұл біздің өңірімізді дамытуға қосқан сүбелі үлестеріңіз. Жарқын болашақты жақындату дәл сіздердің – жас әрі мақсатшыл буынның еншісінде.

Дені сау, адал, ақылды, жігерлі азамат болып өсіңіздер. Сіздерге бақыт, амандық, қуаныш, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз. Барлық арман-мұраттарыңыз орындалсын!

Н.ӘБДІБЕКОВ,

Қарағанды облысының әкімі.

Н.ӘБДІКЕРОВ,

облыстық мәслихаттың

хатшысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 435
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px