Рухты оятады - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Рухты оятады
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу – отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз.
Қазақстан Респуб­ли­ка­сы Пре­зидентінің бағдар­ла­масында «мем­­лекеттік тілдің мәрте­бесін іске асыру оның қа­жеттігімен айқындалады» деп көрсетілген. Бұл мақсат біз­дің Конституцияның 7-бабы, 1-тармағында айқындалып, бел­гіленген. Онда «Қазақстан Рес­публикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» делінген. Ал, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды. Осы Заңның 4-шi бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мем­­лекеттiк басқару, заң шы­ғару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi» ретінде айқындалады. Сонымен бiрге, «Үкімет, мемлекеттiк органдар мемлекеттiк тiлдi, яғни, қазақ тiлiн барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы мен қолдануы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi» деп көрсетiлген.
Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Әрбір елдің қуатты күші, байлық-бақыты экономикалық, саяси-әлеуметтік даму дең­гейімен ғана емес, сонымен бірге, мәдени, рухани өрісімен ай­қындалады. Ал, мәдени мұра, рухани талғам, халықтың ақыл-ойының өрісі тілге тікелей тәуелді екені белгілі. Халықтың сақталуы да тілге тәуелді. Біздің қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі екендігін ешкім де жоққа шығармайтыны баршаға мәлім. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар екенін де белгілі. Ана тілінің дамуы ұлттық санаға тікелей әсер етері сөзсіз. Өз ана тілінде тәрбиеленген ұл мен қыз сөз қадірін түсінеді.
Бүгінгі таңда тіл экологиясын қалыптастыратын заман келді. Өйткені, тіл – қарым-қатынас құралы. Кемеңгер жазушымыз Ғабит Мүсiрепов «Сол тiлдi жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгiнгiсiн де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгiлiгiнiң мәңгiлiк белгiсi – ана тiлiн тек өгей ұлдары ғана менсiнбейдi, өгей ұлдары ғана аяққа басады» деген екен.
Ендеше, ана тiлiмiздiң өгей ұлдары емес, өзегiн жарып шыққан өз ұлдары болайық.

Ш.ЖОЛКЕНОВ,
Шахтинск қаласының мамандандырылған
әкімшілік сотының төрағасы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 213
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px