Сұрапылда сыналған - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Сұрапылда  сыналған
Бұл күндері 92 жасқа келіп отырған Ұлытау өңірінің тумасы, Жезді қаласының тұрғыны Нұғымет МАХАНҰЛЫ сонау сұрапыл соғыс кезінде он сегізге келіп қалған балауса жігіт еді. Жетінші сыныпты аяқтағаннан кейін ФЗО-ны ойдағыдай бітіріп, Қарсақпай заводында темір жонушы (токарь) болып еңбек етіп жүрген жерінен соғысқа сұранып, 1942 жылы қыркүйекте Ногинск қаласындағы НКВД-ның №226-шы полкіне пулеметші болып қабылданды.
Сол жылы қазан айында курсант, келесі жылы 1943 жылы мамырда сержант болды. Орыс тілінде еркін сөйлеген. Өте сақ – әуедегі, не жердегі дыбыстарды жылдам естіген. Осы артықшылықтарын ескеріп, командирі соғыс біткенше қасына ертіп, өзіне көмекші қылып жүреді. «Бірде, эшелон толы жауынгерлер, жаралылар бар бірге келе жаттық. Сол сәтте әуеден ұшақ дыбысын естігендей болдым. Жан жағымда жазық дала. Тек, қалың бейіт бар екен. Командиріме «эшелонды тоқтатуға бұйрық беріңіз. Бейітке тығылайық. Оны бомбылай қоймас» дедім. Бейітке кіріп, жата-жата қалдық. Жау ұшағы эшелонды бомбылап кетті. Біз аман қалдық» деп есіне алады атам.
Белоруссия, Украина, Румыния, Белград, Бухарест сынды елдер мен қалаларда қан кешкен Нұғымет Маханұлы 1945 жылы Украинада үкіметке қарсы шыққан жасырын ұйымның көзін жоюға аттанады. «Неміс басқыншыларымен соғысқанда кімнің жау, кімнің дос екенін білесің. Ал, Украинада бәрі керісінше болды. Кімнің дұшпан, кімнің бейбіт азамат екенін мүлде айыра алмайсың. Бәрінің белінде кішкентай балтасы бар. Сол кезде жараланып, госпитальде де жаттым. Дегенмен, тоғыз жылдан кейін 27 жасымда елге аман-есен оралдым» дейді ардагер Украинадағы күндерін есіне алып.
Соғыстан келгеннен кейін еңбек жолын аудандық комитетте бастағанымен, кейін өзінің бұрынғы мамандығы бойынша темір жонушы болып еңбек етіп, сол жерден зейнеткерлікке шықты.

Ақтоқты ШАЙМҰХАНҚЫЗЫ,
келіні.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 179
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px