Сақилық болмысты айғақтап... - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Сақилық болмысты айғақтап...
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Жаңаарқа ауданында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жақсылық жаса!» қайырымдылық акциясы сәтімен жүзеге асырылуда. Оның мақсаты – қоғамда мейірімділік, адамгершілік және риясыз өзара көмекті қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің басты шарты ретінде орнықтыру.

Акция аясында қарттарға және жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі жандарға дәрменді көмек көрсетуге бағытталған біршама іс-шаралар өткерілді. Көңілге қуаныш ұялатар жайт сол – ізгі ниетті іске қолұшын  беріп, ниет білдіруші азаматтардың қатары – қалың.
Мәселен, аудандық жастар ресурстық орталығының тікелей ұйытқы болуымен аудандық аурухананың ардагерлерге арналған палатасына  жеке кәсіпкер  Батырхан Дүйсенбаев  тоңазытқыш сыйлады. Сол мезгілде арнайы палатада ем алып жатқан ардагерлер  сыйлықты тарту етуші азаматқа шынайы ризашылықтарын білдірді. Аудандық аурухана директоры Серік Құлмағанбетов кәсіпкерге  алғыс айтып, толайым табыс тіледі.
Иә, қайырымдылық – ұлтымыздың ұлағатты дәстүрі, ең ізгі қасиеттерінің бірі. Ал, сауабы мол іске атсалысу – әр адамның азаматтық парызы.
Жомартқолды жандардың  сақилық болмысын айғақтаған аталмыш шара  акция шеңберімен  шектеліп қалмай, жалғасын үздіксіз тауып жатса, нұр үстіне нұр, әрине.
ЖАҢААРҚА ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 164
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px