Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

өмірДЕРЕК

Риза Темірбайқызы МҮКЕЕВА Балқаш қаласында туған. Екі жоғары білімі бар: Қарағанды мем­лекеттік университетінің экономист-қаржыгер мамандығы бойынша және Қазақстан-Ресей универ­ситетін заң-ғылымы бакалавры мамандықтары бойынша тәмамдаған. Қаржы саласында 1983 жылдан бастап қызмет атқарады, еңбек жолын Балқаш қалалық қаржы бөлімінде мемлекеттік кіріс инспекторы болып бастаған.

1991 жылы салық қызметі құрылғаннан бастап, Балқаш қалалық салық инспекциясында қатардағы салық инспекторы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, Балқаш қаласы салық басқармасының бастығы болған. 2011 жылдың шілде айынан Қаржы министрлігі Салық комитеті бастығының бұйрығымен Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы салық басқармасының бастығы.

Бүгінде мемлекет қоржынына қомақты қаржы әкеліп, халық қазынасының молаюына өзіндік елеулі үлес қосып отырған саланың бірі – салық қызметі. Осы саланың Қарқаралы аудандық тыныс-тіршілігі барысынан хабардар болу мақсатында аудандық салық басқармасының бастығы Риза МҮКЕЕВАНЫ әңгіме-сұхбатқа тартқан едік.

Риза Темірбайқызы, жал­пы жекелеген адамдар салық басқармасының жұмыс жүйе­лерін жете түсіне бермей­ді, сол себепті аппарат қызметкер­ле­рі­нің құрамына, олардың нақты міндеттеріне тоқталсаңыз?

Қай саладағы жұмысқа болсын үлкен жауапкершілікпен қа­раған жөн. Салық саласы да сондай жауапкершіліктерді талап ете­ді. Өркениетті елдердің қай-қай­­­сында болсын, мемлекеттік бюд­жет, яғни, халықтың ортақ қал­­­тасының қаражаты салық ар­қылы құралатындығы белгілі. Са­лық­тар барлық елдерде мемлекет кірістерінің негізгі көзі, табыстың басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

Са­лық қызметінің басты міндеті – салықтар мен міндетті төлемдердің дер кезінде толық көлемінде түсуін қамтамасыз ету, ең алдымен са­лық төлеушілерге қолайлы жағдай жасау, түсіндіру жұ­мыстарын жүр­гізу, салық қызметінің сапасын жо­­­ғарылату арқылы бюджеттік тү­­сім­нің молаюына ық­пал ету, со­ны­мен қатар, әкім­шіліктендіруді жақ­сарта оты­рып, жергілікті бюджетке қосымша резервті та­бу, эко­номикалық-бақы­лау жұ­мы­сын жақ­сарту, бюджет ал­дында қарызы бар салық тө­леу­ші­лермен және әрекетсіз салық тө­леушілермен жұ­мыс жүргізу болып табылады.

Біздің салық басқармасы қыз­меткерлерінің негізгі көрсеткіштері – салық түсімдерін көтеру. Ха­лыққа қалтқысыз қызмет көрсетуді жұмысымыздың басты міндеті деп санаймыз, оған себеп – қызметкер­лер өмірмен қаз-қатар жүруге ты­­рысып, автоматтандырылған жүйе­­лерді жете меңгеріп, салық тө­леу­­шілерге жаңа заңдылықтарды түсіндіруде жедел және уақытылы қызмет көрсетуінде.

Бүгінгі күнге қандай же­тістіктерге жетіп отырсыздар?

Ауданның салық басқармасы 2011 жылдың 12 айының қоры­тындысы бойынша мемлекеттік бюд­жетке 70 түрлі салық және мін­детті төлемдер бойынша жос­парды 105 пайызға орындады. Мемлекеттік бюджеттің кірістерінің өсу қар­қы­ны 2010 жылдың 12 айымен са­лыстырғанда 116 пайызға жетті. Жергілікті салықтық түсімдер бойынша 31 түрлі салықтар мен міндетті төлемдерден 2011 жылдың 12 айына бекітілген болжамды 104 пайызға орындады, бұл көрсеткішімізді 2010 жылдың 12 айымен салыстырсақ жергілікті бюджеттің өсу қарқынымен 111 па­й­ызға жеттік .

2012 жылдың 1-ші наурызына жергілікті бюджетке 2012 жылдың 2 айына бекітілген болжамды арты­ғымен 114 пайызға орындадық, 2011 жылдың 2 айлық түсімдер қо­рытындысымен салыстырғанда са­лық және міндетті төлемдердің өсу қарқыны 140 пайызға жетті.

Қарқаралы ауданы салық бас­қармасы қажырлы еңбек жасап, бақылау-экономикалық жұмыста­рымызды күшейту арқылы, рей­тингтік көрсеткіштерден жоғары баға алуда нәтижелі көрсеткіштер мен жетістіктерге жеткендігіміздің ар­қасында, 2011 жылдың 3-ші және 4-ші тоқсандарының қорытындысы бойынша Қарағанды облысының 20 салық басқармасының ішінде 1-ші орынға ие болдық.

Цифрлық көрсеткіштерімізге үңі­ліп қарасақ, біздің жұмысымыздың нәтижесін айқын да анық көруге болады, бұл цифрлардың артында салық қызметкерлерінің күнделікті қажырлы да, шиеленісті еңбегі тұр.

Аудан бюджетінің қоржы­нына қомақты қаржы салып отырған салық түрлерін атап айт­саңыз?

Аудандық бюджетке 2011 жылдың қорытындысы бойынша төлем көзінен салық салынатын жеке табыс салығынан 93 235 мың теңге қаржы түсірілді, аталған салықтан түскен қомақты қаржы 2011 жылға жергілікті бюджетке түскен түсімдердің 23,6 пайызын құрайды, әлеуметтік салықтан тү­сірілген 148 078,0 мың теңге қаржымыз жылдық түсімдердің 37,5 пайызын құрады. Заңды тұл­ғалардың мүлік салығынан 43 686,0 мың теңге қаржымыз жылдық түсімдердің 11,0 пайызын құрады.Осы аталған салықтардың 3 түрінен түскен қаржылар барлық жылдық түсімдердің 72,1 пайызын құрады.

Қазір де қаптап кеткен кә­сіп­керлердің өз пайдаларын жа­сырып, салық төлеуден қаша­тындары да аз емес. Әрине оны тексеріп, анықтау үшін мекеме қызметкерлерінің біліктілігі қажет. Осы мақсатты өткен жылы қандай жұмыстар атқардыңыздар?

Салық басқармасы 2011 жыл­дың қорытындысы бойынша 31 құжатты тексеріс жүргізді, нәти­же­сінде бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерден 4 516,0 мың теңге есептеліп, аталған соманы 100 пайыз мөлшерінде бюджетке өндірілді.

Жергілікті бюджетке қосымша кі­ріс көздерін табуда, салық салу базасын кеңейту мақсатында бекі­тілген іс-жоспар бойынша салық басқармасы нәтижелі жұмыстар ат­­қарды. Ауданымыздың жан-жақ­­­ты елді мекендерінде жұмыс іс­тейтін өндіріс орындарынан, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожа­лық­тарынан түсетін салықтық қара­жат­тардың түсімдерін бақылауға алып, салықтармен міндетті тө­лем­дер түсіру мақсатында маңызды кеңестер беру, үгіт-насихат жұ­мыс­­­тарын жүргізу арқылы салық салу базасын кеңейтуде едәуір жұ­мыстар атқарып, Қарқаралы ау­данына қосымша кіріс түсіруге бе­­­кі­тілген жоспарды артығымен 103,6 пайызға ор­ындадық, немесе бюджетке 394870,8 мың теңге қаржы түсірілді.

Аудандағы шаруа қожа­лықтарының жағдайы қалай? Жалпы бюджетке үлкен сомада салықтарын төлей алмай жүр­гендерін атап өтсеңіз?

2011 жылдың 1-ші наурызына салық басқармасында барлығы 542 шаруа қожалықтары тіркеуде тұр, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары 470, 2011 жылдың 1-ші шілдесіне салық және міндетті төлемдер бойынша берешектер тіркеуде тұрған салық төлеушілердің 15% пайызын құрады, берешектері барлардың басым бөлігі – шаруа қожалықтары.

2012 жылдың 1-ші қаңтарына салық басқармасы қызметкерлері бюджет ал­дында қарызы бар салық тө­леу­ші­лермен және әрекетсіз салық тө­леушілермен сапалы жұмыс жүргізу нәтижесінде салықтар мен төлемдер берешектерін 3 пайызға дейін жеткіздік.

Ал, 2012 жылдың 1-ші науры­зына берешектері бар салық төлеу­шілердің саны тіркеуде тұрған салық төлеушілердің 1,5 пайызын құрап отыр, 2011 жылдың 1-ші шілдесімен салыстырсақ, салық берешектері 62,4 пайызға төмендеді.

2012 жылдың 1-ші шілдесіне салық берешектерін 100 пайызға азай­ту үшін барлық күш-жіге­рімізді салып, нәтижелі жұмыс жүргізуге міндеттеме алып отырмыз. Бүгінгі күні салық төлеушілердің көпшілігі салық заңдылығының талаптарын нақты және дәл түсініп, салық төлемдерін уақытында то­лығымен бюджетке төлеп отырады. Сонымен қатар, араларында салық төлемдерін уақытында төлемей салық заңдылықтарын бұзушылар да табылады, міне, біздер негізінен осындай салық төлеушілермен жұ­мыс жүргіземіз. Оларға жоспарлы кешенді тексерулер, камералдық бақылаулар жасаймыз.

Бір сөзбен айтқанда, берешегі бар салық төлеушілерден салық бе­решегін бюджетке түсіру үшін салық заңдылықтарына сәйкес бар­лық жұ­мыстарды жасаймыз.

Осындай ауқымды істер атқарып, аудан бюджетін толық­тырып отырған басқарманың 2012 жылға алға қойған мақсат­тары қандай?

Бiздің әрі қарай алдымызға қойған маңызды міндеттеріміз және мақсаттарымыз – салық төлеу­шілерге қолайлы жағдайлар туғызу, мемлекеттік бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдерді жинауды жоғарылату, халыққа және кәсіпкерлік нысандарына қызмет көрсетудің деңгейін және сапасын көтеру.

Риза Темірбайқызы, Сіз басқарып отырған ұжымның қа­жырлы еңбектерінің нәтижесіне қанық болдық. Алдағы уақытта да еңбектеріңізге жеміс тілеймін.

Сұхбаттасқан

Сағыныш Әбілова.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Суретті түсірген Ш.ОСПАН.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 1352
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px