Санитарлық- эпидемиологиялық аудит - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Әлемдік экономика жүйесіне Қазақстанды одан әрі интеграциялау қажеттілігі және денсаулықты сақтауда халықаралық талаптарды қамтамасыз ету, сонымен қатар, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы талаптарды күшейту бақылаудың жаңа нысанын іздеу мен енгізуге алып келеді.

Санитарлық-эпидемиологиялық аудит – субъектілердің халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында ұсыныстарды әзірлеу және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында нормативтік-құқықтық талаптарды шаруашылық және басқа да қызмет субъектілерінің сақтауларын тәуелсіз бағалау. Санитарлық-эпидемиологиялық аудитті аккредиттелген, осы бағытта, тексерулерде, зерттеулерде, сынамаларда, токсикологиялық және гигиеналық бағалау түрлерінде зерттеу жүргізуге құқығы бар ұйымдар жүргізеді. Көрсетілетін қызмет пен атқарылған жұмыстың санитарлық ережелерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы сәйкестік дәрежесін айқын әрі нақты бақылап отырады. Санитарлық-эпидемиологиялық аудит ерікті болып табылады. Оны жүргізуге заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің өздері мүдделі, олар аккредитациядан өткен сараптау орталығымен тікелей жұмыс жасайды.

Санитарлық-эпидемиологиялық аудит заңды және жеке тұлғалар қызметінің қадағалау-бақылау шараларын жүргізуді тоқтатпайды, керісінше, қолданыстағы санитарлық заңнамаға сәйкес келмейтіндігін анықтауға, қажет болған жағдайда анықталған сәйкессіздіктерді жоюға ықпал етеді. Бұл мемлекеттік бақылау мекемесіне оның қорытындыларын қолданып, тексерулер санын азайту туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Санитарлық-эпидемиологиялық аудит кеңес беруші түрінде және нысандардың санитарлық ережелердің талаптарына сәйкестігіне бағытталған санитарлық-эпидемиологиялық және санитарлық-профилактикалық шаралар мен ұсыныстарды дайындайтын үшінші жақ болып саналады. Санитарлық-эпидемиологиялық аудиттің оң нәтижелері ерекше тәртіпте жүргізілетін тексерулерден эпидемиологиялық маңызы жоғары нысандарды босату үшін негіз болып табылады.

Аудит меншіктің құқығын қамтамасыз ететін элемент ретінде экономика үшін маңызды, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ететін ресурстарды тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында басқарушылық шешім қабылдаумен байланысты ақпараттық және коммерциялық қауіпті азайтуға мүмкіндік береді. Санитарлық-эпидемиологиялық аудит саласындағы Қазақстанның әлеуетін қолдану нарықтық экономиканы дамытуды, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы қадағалау шараларын азайту есебінен бизнеске көрсетілетін әкімшілік қысымды азайтуға мүмкіндік береді.

 

Н.НИКОЛАС,

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының санитарлық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімі басшысының

міндетін атқарушы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 789
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px