Сауалына – жауабы - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Сауалына –   жауабы
Газетіміздің 02 сәуірі күнгі №59 санындағы редакция жолдаған сауалға жауап келмеді. http://www.otuken.kz/ атты қазақ мәдениеті, музыкасы және мифологиясы туралы сайтқа жарияланған Таласбек Әсемқұловтың «Домбыраға тіл бітсе: Қазақтың байырғы музыкалық терминологиясы хақында» атты мақаласына сілтеме жасай отырып, сауал жауабын өзіміз айтамыз:


Аталмыш мақала соңында: «Байырғы музыкалық терминология қазақтың байырғы мәдениетінің, жарқын тілінің бір көрінісі ғана. Бұл мақаланы көне музыкалық терминология саласындағы соңғы сөз деуден аулақпыз. Ел ішінде әлі көптеген терминдер табылып қалуы мүмкін. Сөз соңында осы асыл қазынаны аялап, сақтап, ақыр-соңында біздің қолымызға табыс еткен көнекөз қарияларға көп-көп алғысымызды айтамыз» делінген.

Келесі сауалды Жаңаарқа ауданы, Түгіскен ауылының кітапханашысы Л.Тайжанова жолдайды:
Ертеде бір өлкені жайлаған қырық байдың сұлу қыздары болыпты. Олардың әрқайсысы іштей: «Мен бәрінен де сұлумын» деп ойлайды екен. Біріне құда түскелі жатыр дегенді естісе, қалғандары барып, бір түнде күйеу жігітті өлтіріп кете беріпті.
Кезекті бір бейбаққа «Өлер алдыңдағы соңғы тілегіңді айт» дейді қыздар. Сонда жігіт соңғы тілегін айтыпты. Тілекті естіген қанішер қыздардың бірде-біреуі әлгі жігітке қол көтере алмапты. Босатқан екен.
Қыздарға тоқтау салған қандай тілек?
Әзірлеген Мирас АСАН.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 141
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px