Сауалына – жауабы - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Газетіміздің 02 сәуірі күнгі №65-66 санындағы оқырман Л.Тайжанова жолдаған сауалға жауап келді. Дұрыс жауапты тапқан газеттің тұрақты, көзіқарақты оқырманы Қайырқұл ҚЫДЫРАЛИН.

 

Сол қырық қыз Барсакелмес деген аралға барып, аң аулап, көңіл көтереді екен. Олар аралға келген мейлі жас, мейлі кәрі – еркек кіндікті өлтіре береді.

Күндердің күнінде бір балықшы жігіт қайығымен ығып, әлгі аралдың жағалауына шығып қалмасы бар ма? Аң аулап жүрген 40 қыз жігітті көрген бойда, ұстап алады. Бірден «Өлер алдындағы сөзіңді айт, қазір біреуіміздің қылышымызбен басың алынады» десе керек. Сонда жігіт соңғы тілекті айтқан екен. Ақылды ажалды да жеңеді. Ақылды жігіт қылышын жалаңдатқан қырық қызға:

Менің басымды осы тұрған қырқыңның ішіндегі ең ажарсызбын, ең ақылсыз сорлымын, күнәға батқан көргенсізбін дегенің кес, – дейді.

Әрине, бұдан кейін, іштей бақталас қырық қыздың бір-біріне атарға оғы болмай жүргені белгілі болады. Қыздың ешқайсысы да алға шыға қоймай, жігіт ажалдан аман құтылыпты...

 

Келесі сауалды тағы да редакция жолдайды:

 

«Не злись, не зли других,

В этом блудном мире.

Улетевшая искра злости,

Вернется тебе пламенем.

 

Есть правда на свете,

Лежит за углом,

Завернутая ложью...»

 

«Ызаланбашы, ызаландырма

өзгені,

Адасса әлем – тұншыққан өз қан,

өз демі.

Өшпенділіктен ұшатын сұмдық

ұшқын бар,

Қайтуы оның жалын боп

саған лезде-ді...

 

Және шындық бар, айтылса,

шіркін – ол арман,

Бір көште жоқ боп, ұры-қарыға

тоналған...

Бұрышта жатыр – көрмейді

неге оны ешкім?

Үлде мен бүлде – өтіріктерге

оралған!»

 

Қай ұлы ақынның өлеңі?

 

Сауал сырына үңілген Мирас АСАН.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 197
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px