Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 19.05.2019

Сауалына –  жауабы
Газетіміздің 14 мамыр күнгі №77(22 182) санындағы Ерғазы ҚАДАШҰЛЫ жолдаған сауалға біршама оқырмандарымыз дұрыс жауап берді. Қазкен САДЫҚҚЫЗЫ, Нұртай ТӨРЕБЕКОВ сынды тұрақты оқырмандардан қоңыраулар түсіп жатты. Біз, бірақ ең алғашқы болып қоңырау шалған оқырманның есімін көрсетеміз. Ол – Қарағанды гуманитарлық колледжінің директоры, сазгер Есжан ӘМІРОВ болатын.   «Жігіт қыздың әкесі болады» деп сауалдың дұрыс жауабын айтты.

Енді, келесі сауалды ардагер ұстаз Ошақбай СУХАНБЕРЛИН жолдап отыр:
Францияда ертеде әйелі өлген ер азамат ұлымен қалады. Ұлы ер жетіп, Германияда дипкорпуста жүріп бір қызға үйленеді. Әкесіне хабарлағаны болмаса, олар кездеспейді.  Бір-екі жыл өткеннен кейін әкесі Бельгияда жүріп, ол да үйленеді. Тағы да олар кездесе алмайды. 4-5 жылдан кейін Францияда екі отбасы жиналып кездеседі. Танысады. Бір-бір балалары бар. Қызығы – әкесіне тиген әйел, ұлға тиген әйелдің шешесі болып шығады. Енді сұрақ:
1. Әке мен бала бір-біріне кім?
2. Шешесі мен қызы бір-біріне кім?
3. Екі бала бір-біріне кім?
Сауал сырына үңілген  Мирас АСАН.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 505
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1284
count 88x31px