Сауапты істің басын қайырды - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Осакаров кентіндегі «Таверна» дәмханасында ауызашарға жиналған көпшілік арасында ауыл ақсақалдары, ақкимешекті әжелермен қатар, арнайы шақырылған көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылар мүшелері де болды. Барлық жамағат, оның ішінде, өзге ұлт өкілдері мешіт тарапынан атқарылып жатқан игілікті іске ризашылықтарын білдірді.

Ауданның бас имамы Жоламан Яхияев, құран бағыштап, жайылған дастарқан басында аудан әкімі Қайрат Шайжанов сөз алды. Өз сөзінде аудан әкімі осыдан бір ай бұрын мешіт күрделі жөндеуден өткеннен кейін мешіт жамағаттарының саны өскенін айтып, қазіргі уақытта дінге бет бұрған көпшілік ішінде жастар жағы басым екендігіне қуанышын білдірді.

Осы жерде барша жамағат қасиетті рамазан айында ақ дастарқан жайып, ауызашар ұйымдастырып, сауапты іс атқарып жатқан аудан басшылығына, демеушілерге, ақсақалдар алқасына және осы шарадан тыс қалмаған барлық азаматтарға ризашылығын білдірді.

Рамазан айындағы сауапты істердің бірі – көпшілікке, әсіресе, тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық шараларын көрсету болып табылады. Осы мақсатта Осакаров кентіндегі көпбалалы, тұрмысы төмен отбасыларға, ұлтына қарамастан, 60 отбасына азық-түлік жәрдемі жасалды. Сауапты істе аудан жастары белсенділік танытып, азық-түлік қапшығын қарттар үйіне және үйлерге таратып шықты.

 

Сержан СМАХАНҰЛЫ.

 

ОСАКАРОВ ауданы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 692
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px