Өсек - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Өсек
Қуаныш АМАНҚҰЛОВ,
«Орталық Қазақстан»


Періште ғой. Періштесі қаққан болар...
Бірі – жолдың бойынан, бірі – қоқыстың жәшігінен, енді бірі дәретханадан табылып жатыр. Түсінген боларсыз, тастанды балаларды айтамын.
Шарананың шарасы қане? Ал, ананың мейірімі қайда? Жалған – намыс бұл. Өсек болмау үшін, өзегін жарып шыққанды өлтіру. Қылмыс. Ең ауыр қылмыс. Арты – қасірет. Ұлт қасіреті!
Онсыз да қолдағы цифр көңіл қуантпайды. Біздің елде 75 мың жетім бала бар. Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің 88 пайызының ата-анасы «алшаңдап» жүр.  
Мына дерек те ойландырады. Осыдан 10 жыл бұрын. Қазақстан шет елге бала сатудан үшінші орынға шығыпты. 17 миллион ғана халқы бар Қазақстан. Ал, 1,5 миллиард қытай  мұндай «олжадан» алшақ.
Бұған «Жасаған-ау, бала бере гөр!» деп әулиеге ат айтқан, қорасанға қой айтқан жандарды қосыңыз. Қазақстандағы отбасылардың 20 пайызға жуығы бала сүйе алмай жүр.
Ойланыңыз.
Есебің – міне, өсегің – әне! «Сөз болады, өсекке қаламыз» деп, жаңа туған сәбиді бұлай далаға лақтыра берсек, не болғаны?! Бейкүнә нәрестеге бұйырған жарықты өшіруге қай пенденің хақы бар?! Құрсаққа бітті, «дүние есігін ашты» (Абай).
Алла өзі береді, өзі алады. Өмірді.
Жаратқанның қаһарына ұшырап жүрмейік. Мына түрімізбен...

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 203
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px