Семинар-тренинг өтеді - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Семинар-тренинг өтеді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 06.10.2014 жылғы №635 қаулысымен   бекітілген 2020 жылға дейінгі техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру кешенді жоспарының 23-тармағын жүзеге асыру мақсатында  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті мен «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК 14 наурызда  Қарағанды қаласында «Кәсіпорындарда менеджмент жүйесін енгізу» тақырыбы бойынша облыстық семинар-тренинг өткізеді.
Семинарда келесі тақырыптар талқыланады:
ISO 14001-2015 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен басшылық». Экологиялық менеджмент жүйесінің процестері. PDCA циклын сәйкес экологиялық менеджмент жүйесінің құрылымына келтіру, ISO 9001:2015 ұқсас.
ISO 22004:2014 «Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің менеджмент жүйелері. ИСО 22000 қолдану жөніндегі басшылық». Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйелеріне қойылатын талаптарды түсіндіру.
Семинарға қатысу – тегін.  Қатысушыларға семинардың соңында сертификаттар беріледі.
Өткізілетін орны: Қарағанды қаласы, Академиялық көшесі, 9 (Қарағанды экономикалық университеті).
Барлық сұрақтар бойынша «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қарағанды филиалына хабарласуға болады. Телефон: 8 (7212) 30-30-86,    e-mail kfkazinst@mail.ru.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 266
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px