«Үш құдық, три колодца...» - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Қарағандыдағы Көгілдір тоғандар ықшамауданының тұрғындары көктем мен күзде әбден әбігерге түсетіні бар. Жердің тоңы жібісе де, жаңбыр жауса да. Анығын айтсақ, аула-ауланың арасында аяқ алып жүретін жер жоқ.

Көгілдір тоғандардағы көлік қозғалысының да машақаты өз алдына. Бір ғана мысал келтірейік. Темір тұлпарлар қатынайтын бұрылыс – №6 тұрғын үйдің іргесіне төселген тасжолдың тозығы жеткелі қашан?! Бірнеше көліктің «тұмсығымен» жер сүзгенін көз көрді. «Толағай» балабақшасының жанында да дәл осындай көрініс. «Асфальт төсеп қарық қылмаса да, балабақша мен автотұрақтың арасындағы жолды автогрейдермен тегістеу қажет» дейді көлік жүргізушілері.

Ал, әлгі жабусыз үш құдық, тіптен, мектептің ауласына жақын жатыр. Ойын қуғаны да, оқуға барғаны да – осы маңайда. Көгілдір тоғандардағы жалғыз ғана білім ошағы мен №11 тұрғын үйдің арасындағы ашық құбырлар – бала түгілі, үлкеннің өміріне де қауіпті. Байқауымызша, бірінің тереңдігі – 5-6 метр.

«Сақтықта – қорлық жоқ». Жер­гілікті биліктің жедел қимылы қажет. Көгілдір тоғандардағы көптің тілегі – осы.

Суреттер сөйлесін...

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 208
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px