Үш орталық ашылды - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Үш орталық ашылды
Балаларға қамқорлық көрсету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сондықтан, Ұлт Көшбасшысы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ тікелей тапсырмасына орай, еліміздегі балалардың дені сау, білімді, тәрбиелі және мейірім мен сүйіспеншілікті сезініп өсулері үшін жан-жақты жағдай жасалуда.
Шаттық пен шуаққа толы мереке – Балаларды қорғаудың халықаралық күніне орай, Қарағанды облысында балаларға арналған үш орталық ашылды.
Бұл жобалар «Бизнестің жол картасы – 2020» Бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы» арқылы жүзеге асты. Орталықтардың жетекшілері өңірлік үйлестіру кеңестерінің қолдауын көріп, мемлекеттен жалпы сомасы 5 млн. теңге гранттар алды.
Осылайша, Жезқазғандағы «Малютка» медициналық орталығы» ЖШС жанынан оңалту орталығы ашылды. Онда бұл күні 5 бала ем қабылдауда.
Ал, Шахтинск қаласында балаларды дамытуға арналған қос орталық ашылды. «Лесенка успеха» орталығы 25 баланың басын қосса, «Дарын» орталығы мемлекеттік тілде тәрбие беретін болады.
Бұған қоса, жобалардың жүзеге асырылуы арқылы 20-дан астам жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.   

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 386
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px