Шахтинск тұрғындарында – шаңырақ шаттығы - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Естеріңізде болса, «Нұрлы жол» бағдарламасында қолжетімді тұрғын үй құрылысын қайта қарастыруды және қазақстандықтарды қолжетімді, арзан баспанамен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Мемлекет басшысының бұл тапсырмасы біздің қаламызға да келіп жетті. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер, көп балалы отбасылар, ардагерлер және бюджет мекемелерінің қызметкерлері қала басшысының табыстаған пәтер кілтін қуанышпен қолға алып, қоныс тойын тойлауға асықты.

Осы күні салтанатты шарада жаңа пәтерге ие болғандардың жақын-жуықтары, дос-жарандары да қатысып, қуаныштарына ортақ болды. Қала әкімдігінің ғимараты тұрғындарға толды. Тұла бойын билеген шаттық сезімдерімен бөліскен тұрғындар жаңа баспаналарын көруге асықты. Тіпті, кейбір отбасылар жаңа пәтерлерін жаңа жиһаздармен толтыруды ойластырып қойыпты.

Қоныс тойын тойлағалы отырған жаңа пәтер иелеріне «Сіздер осы күнді ұзақ жыл күттіңіздер. Елбасының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының үкіметі өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеп, тұрғын үйге мұқтаждарды баспанамен қамтуға көңіл бөлінді. Қасиетті Рамазан айында бүгін Елбасының қолдауымен жаңа баспанаға ие болып отырсыздар. Жаңа үйлеріңіз сәбилердің күлкісіне толсын, береке-бірлік арылмасын» – деді қала басшысы Сержан Жаңабекұлы.

Надежда Аюханова, Ұлы Отан соғысының ардагері:

– Көп жылдан бері жекежайда тұрып келдім.Тозығы жеткен баспанамнан жаңа үйге көшіп өтетініме қуаныштымын. Еліміздің көшбасшысы, халқымыздың қамқоршысы Нұрсұлтан Назарбаевқа, қала әкімі Сержан Аймақовқа шексіз алғысымды айтамын. Оларға Алланың нұры жаусын.

Назым Барлыбай, жас отбасы:

– Қаламыздың 30-шы орамындағы қызғылт сары түсті дербес тұрған көп қабатты тұрғын үйден маған да пәтер тиді. Бақыттан басым айналып тұр. Жаңа пәтерге ие болсам ғой, балаларым үйімізде асыр салып ойнаса екен деп көп армандушы едім. Рамазан айында Алла тағала тілегімді қабыл етті. Елбасымыз, қала басшысы, отбасымның қаншалықты риза екенін білсе ғой.

Роза Қапар, көп балалы ана:

– Балаларым бүгін бақытты. Осы күнді аңсап, асыға күткен болатын. Мемлекет басшысына, қала әкіміне қасиетті аналық ақ тілегімді жаудырамын. Еліміз тыныш, мерекелі болсын, баспанаға мұқтаж өзге де отбасылар жаңа үйге қол жеткізіп, қоныс тойын тойласын.

 

А.ТҰРЖАНОВ.

 

ШАХТИНСК қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 653
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px