Шаттық сезіміне бөленді - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Шаттық сезіміне бөленді
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»

Табиғатты түлетуі арқылы тіршілік атаулыға нұр-шуағын төгетін көктемде ізгі істерге бой алдыру – жарасымды шаруа. Осы ретте Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өткізген іс-шара көңілге аса қонымды болды. Оның нәтижесінде қоғамның мейіріміне мұқтаж балалар мен жасөспірімдер қуаныш сезіміне бөленді.
Алдын ала жоспарланып, ұтымды ұйымдастырылған іс-шараға мүгедек балалар мен психологиялық-неврологиялық дертке шалдыққан, арнайы әлеуметтік көмекті үй жағдайында алатын 18 жастан асқан жасөспірімдер мен олардың ата-аналары шақырылды.
Мерекелік бағдарлама барысында тартымды қойылымдарды тамашалап, алуан түрлі байқаулар мен сындарға қатысу мүмкіндігін иеленген жас буын, сөздің шынайы мағынасында, бастарынан тың серпіліс күйін өткеріп, қоғамдық сипаттағы белсенділігі арта түсті.
Содан кейін шаттықтан арылмаған қалпы кең жайылған мерекелік дастарқаннан дәм татты.
-Тағдыр теперішін тартқан мүгедек балаларға көңіл бөлу – басқаны былай қойғанда, адами парыз. Осы іс-шараны өткізуге қолұшын созып, демеушілік көрсеткен кәсіпкерлер баршылық. Олардың атын атап, түсін түстеу – шарт емес. Солардың барлығына айтар алғысымыз шексіз. Қоғамның қалыпты арнада тұруы, тығырыққа тірелген жандардың өмірге құлшынысының артуы, қайырымдылық пен ізгіліктің белең алуы – төңірегіне бей-жай қарамайтын, пейілі түзу, ниеті таза адамдардың арқасы, – дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Зағыпар Шәкентаев.  
АБАЙ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 164
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px