Шеберлік шыңы - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Шеберлік шыңы
Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы білім беру ұйымдары педагогтерінің «Біздің мүмкіндіктеріміз (функционалды сауатты мұғалім)» облыстық кәсіби шеберлік байқауын ұйымдастырып, өткізуді 2015-2016 оқу жылының басынан жоспарланған болатын.
«Таным» жобасы аясында өткізілген бұл байқаудың ережесінде мақсаты мен міндеттері айқындалып, байқауға қатысушыларды іріктеу мен өткізілу тәртібі анық көрсетілген. Біліктілік пен әдістемелік шеберлік сынға түскен байқау 3 кезеңнен  тұрады. 1-кезең (сырттай) – 2015 жылдың 15 қарашасына дейін өткізілді. Бұл кезеңде Қарқаралы қаласының академик О.Жәутіков атындағы №1 қазақ орта мектебінің командасы «Мұғалімнің функционалды сауаттылығы – оқушының функционалды сауаттылығын дамытудың негізі» атты әдістемелік семинардың жинағын жіберіп, команданың жұ­мысы бағалау сипат белгілеріне сай 75 ұпай алып, тиісінше,  2-кезеңге жіберілді.  
2-кезең 2016 жылдың қаңтар айының 5-6 күндері Қарағанды қаласындағы №6 орта мектепте өтті. Бұл кезеңге алғашқы құрамдағы 43 мектеп командасынан 16 команда қатысып, сайыс кезеңдерінде «Әдістемелік бірлестік», «Жағдаяттарды ше­шу», «Ақ­параттық сауаттылық», «Ата-аналармен әңгімелесу», «Оқу­шылармен сөйлесу» бағыттары бойынша жұмыстарды жүзеге асырды. Аталмыш бағыттар бойынша 5 тапсырманы да мүлтіксіз орындаған 8 команда 3-ші, яғни, ақтық кезеңге жолдама алды. Біздің мектептің командасы осы іріктелген топтың қатарынан табыла білді. Тапсырмалар алдын ала берілген ережедегі тақырыптарға сай болды. Осы ретте ұйымдастырушылар мен қазылар алқасының шынайылығы мен әділдігі жоғарғы деңгейде болғанын атап өткен жөн. Соның нәтижесінде қатысушы командалар орындаған тапсырмаларына қатысты барынша әділ баға алды.
Осы орайда, байқаудың жоғары дәрежеде өтіп, білім мен біліктіліктің үлгісі болуын шебер ұйымдастырып, басшылық жасаған Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Г.Қожахметова мен директордың орынбасары Б.Әбдікерованың еңбегін атап өту қисынды.
Түйіп айтқанда, аталмыш сайыс облыс көлеміндегі мұғалімдердің жалпы білім беру жүйесіндегі озық тәжірибелерін таратып, функционалды сауаттылығын арттыруда, қатысушылардың қарым-қатынасын нығайтуға мүмкіндік берді деп білеміз.
А.АМЕНОВА, З.МЫРСАМЫКОВА,
Д.АХМЕТОВ, А.РАХИМОВА,
академик О.Жәутіков атындағы  №1 қазақ орта мектебінің мұғалімдері.
ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 142
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px