Шығынды азайтатын шамдар - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Шығынды азайтатын шамдар
Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»
Келер жылы Қазақ елінде «ЭКСПО» көрмесінің шымылдығы түрілмек. Жаһандық жиынның тақырыбы – «жасыл экономика». Десек те, бүгінгі таңда республикадағы  электр қуатының басым бөлігі көмір отыны арқылы өндіріліп отырғаны жасырын емес. Яғни, 17 миллионға жуық тұрғын мен мыңдаған өндіріс ошақтарын энергиямен қамту жолында қоршаған орта тонналаған түтінмен, күл тозаңдарымен ластануда. Сондықтан, энергияны үнемдеу – қазіргі күннің бас мәселесіне айналып отыр. Бұл, біріншіден, экологиялық тұсынан тиімді болса, екіншіден, қалтадағы тиынға үнем. Сейсенбі күні көмірлі шаһарда өткен баспасөз мәслихатында осы электр энергиясын орнымен тұтынудың жолдары әңгіме болды.
Наурыз айынан бастап Бір­іккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Ғаламдық Экологиялық Қордың қолдауымен халықтың электр энергиясын ұтымды пайдалану жөніндегі ақ­параттандырылуын арттыру ба­ғытында арнайы дисконттық бағ­дарламаны қолға алуда. Брифингке қатысқан БҰҰДБ-ҒЭҚ-дың «Қазақстандағы энергиямен тиімді жарықтандыруды ілгерілету» жо­басының менеджері Сырым Нұрғалиев пен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру басқармасының сарапшысы Жақсылық Тоқаев бағдарлама туралы айтып өтті.
Бағдарламаның көздегені – тұрғындардың жарықдиодты шамдар жайлы хабардарлығын арттыру. Яғни, тұрмыста жарықдиодты шамдарды белсенді пайдалануға шақыру. Көпшілік жағдайда тұр­ғындар аталған шамдардың оң­тайлы жақтарынан бейхабар. Жарық­диодты шамдарға галогенді шамдарға қарағанда электр қуаты 5-6 есе аз жұмсалады. Және олардың бағасы біршама арзан екен. Жарамдылық мерзімі де айтарлықтай ұзақ. Құрамында сынап болмағандықтан, тұрмыста зиянсыз.
БҰҰ Даму бағдарламасы он жылдан бері Қазақстанда тиім­ді жарықтандыру технологияларын енгізіп келеді. Ал, бұл жоба шеңберінде осы жаңашыл шамдардың пайдалы тұстарын кеңінен жарнамалау жоспарланған. «Chocolife» купондық қызметі бағдарламаға бірден қолдау танытып, белсенді араласуда. Осы купондық қызмет арқылы Қарағанды тұрғындары жарықдиодты шамдарды айтарлықтай жеңілдікпен сатып ала алады. Бағдарлама аясында шетелдік өндірушілермен қатар, отандық брендтерге басымдық беріледі.
Сырым НҰРҒАЛИЕВ, «Қа­зақстандағы энергиямен тиімді жарықтандыруды ілгерілету» жобасының менеджері:
Дисконттық бағдарлама – тиімді жарықтандыру технологияларын дамыту саласындағы жаңа кезең. Жарықдиодты шамдар экологиялық қауіпсіз және энергияға үнемді. Қыздыру шамдарынан – 10 есе, люминисцентті шамдардан – 3 есе кем электр тұтынады. 10 мың сағат немесе 11 жыл үздіксіз жұмыс істеп бере алады. Және басты артықшылығы – шам құрамында адам денсаулығына зиянды бөл­шектер жоқ. Бас серіктесіміз «Chocolife» купондық қызметінің дисконттық бағдарламасының арқасында бағасы едәуір қол­жетімді. Біз «қарағандылықтар бұл шамдарды белсене қолданысқа енгізеді» деген үміттеміз.
Бағдарлама еліміздің төрт шаһарында қолға алынды. Жоба аясында Астана, Алматы, Ақтөбе және Қарағанды қалалары қамтылуда. Үш айға созылып, мамыр айында мәреге жетеді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 276
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px