Әскери өмірге саяхат - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Әскери өмірге саяхат
Отан қорғаушылар күні қарсаңында қара­ғандылық балалар әскери өмірмен кеңінен танысуға мүмкіндік алды. Арнайы ұйымдастырылған «Ашық есік» күніне «Астана» өңірлік әскерлер қолбасшылығының бастамасымен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен облыстық білім басқармасының мамандары ұйытқы болды.
Шара аясында оқушылар ең әуелі әскери техника көрмесін тамашалады. Оның ішінде «Т – 72» танкісі, «КамАЗ» және «БМП-2» әскери көліктері балғындардың ерекше ықыласын туғызса, атыс қаруының түрлері де көрмеде балалар қызығушылығына ие болды. «Макаров» тапаншасы мен «Калашников» автоматынан бөлек бұл күні мектеп оқушылары «Калашников» қол пулеметі, «АГС-17» және снайперлік мылтықты көріп қана қомай, қолдарында ұстап, суретке түсу құқығына да ие болды.
Курсанттар казармасында келушілер болашақ офицерлердің тұрмыс жағдайымен танысты. Мұнда олар үшін жақсы жағдай жасалған. Жеке қажеттілік пен тұрмыстық қызмет ету бөлмелерінен басқа казармада психологиялық көмек беру, демалу, спорт және ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмелері де бар.
Әскери оқу орнының тарихынан сыр шертер білім ордасының мұражайы да саяхат аясынан тыс қалған жоқ. Бұл арада оқушылар әскери институттың тарихы мен қызметтік іс-әрекетінен, курсанттар мен офицерлердің дәстүрлерінен мол мағлұмат алды.
Думан ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 129
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px