Сол мектепте 28 жыл қызмет атқарады. - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Ұлағат иесі
Ертеңгі күннің бүгіннен де жарқын болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға бастайтын құдіретті күш, тек, білімге ғана тән. Еліміз өркениетті елдердің қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл – ұстаздар еңбегінің жемісі. Қадірлі ұстаздың бірі – бар ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге арнаған ұлағатты жан, ардақты ана Шахсия ТАИРОВА. Тумысынан тәрбиеші, тәлімгер болып, қаншама шәкіртті қанаттандырып, үлкен өмірге жолдама берді.
Шахсия Ансарқызы Алматы облысы, Еңбекші қазақ ауданында 1957 жылы дүниеге келген. Осы өңірде алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, білім нәрімен сусындайды. Білімге құмар бойжеткен, тек, оқыса ғана халқына пайдасы тиетінін біліп, 1976 жылы педагогикалық училищеде білім алып, кейінірек Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде өз білімін тереңдетеді.
Сол кездегі жастардың бір ерекшелігі – қазіргі кездегі оқу бітірген жас мамандарға ұқсап, жылы жерден орын іздеп, қалада қалуға тырыспайтын, бірден жол салып ауылға баратын. Ауылға келіп, бар білімін өз туған жеріне қызмет етуге арнаушы еді. Дипломын арқалап келген жас маман Шахсия Ансарқызы да алғашқы еңбек қадамын туған өлкесіндегі мектебінен бастайды. Сол мектепте 28 жыл қызмет атқарады.
2005 жылы отбасымен Приозерск қаласына қоныс аударады. Бұл қалаға келісімен де № 2 мектеп-балабақша кешеніне жұмысқа орналасады. Еңбек ұжымында да ұқыптылығымен, білімділігімен, қамқорлығымен жоғары беделге ие.
Шахсия Ансарқызы – ұл-қыздарын қияға қондырған ақ жаулықты ана. Ардақты жары екеуі 7 немере көрген бақытты отбасы.
Бүгінде өзінің 40 жылдық ғұмырын ұстаздыққа арнаған Шахсия Ансарқызына шәкірттері ыстық ықыласы мен алғыстарын білдіреді. Олар бүгінде Қазақстанның көркейіп өсіп-өнуі үшін еліміздің түкпір-түкпірінде, түрлі салада еңбек етіп жүр.
Ұстаз бақыты – кез келген адамның маңдайына қона беретін бақ емес. Осы бақ Шахсия Ансарқызына қонған десек артық айтқандық емес.
8 наурыз – Әйелдердің халықаралық күні мерекесіне орай, ұлағатты ұстазымызға зор денсаулық, баянды бақыт, отбасына амандық, қуаныш тілей отырып, еңбегіңіз жана берсін демекпіз!

«Приозерск қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 253
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px