«Советская» атауынан құтылдық - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

«Орталық Қазақстан» қоғам­дық саяси газетінде жарияланған Ерсін Мұсабектің «Есенберлиннің есесі кімде кетпеген?» мақаласындағы Есенберлин көшесіндегі ілінген аншлагтарға айтылған сынға Жезқазған қаласының әкімдігі төмендегіні хабарлайды:

«Советская» көшесі Жезқазған қалалық Маслихатының №6/67 шешімімен 28 шілде айында 2000 жылы Ильяс Есенберлиннің атына көше атауы өзгертілген. Айтылған сынға оң көзқарас танытып, қателік орын алған жағдайды түзету үшін жұмыстар жүргізілді.

Ильяс Есенберлин қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті, шоқтығы биік жазушылардың бірі екендігі бізге де мәлім. Осы тарапта Сіз көтерген мәселе де орынды. «Тұрғын-үй инспекциясының» ММ-нің тарапынан осы тұрғын үйге қарасты «Надежда -1» пәтер иелері кооперативіне ескерту жарияланып, ескі «Советская» деп жазылған аншлаг алынып тасталынды.

Қазіргі таңда қаладағы тұрғын үйлердің аншлагтары сын көтермейді.

Тұрғын үйлердің аншлагтарын жаппай жаңарту, қалыпқа келтіру мақсатында шаралар қолға алынып, жұмыстар жоспарлануда.

Қала бюджетіне өтінім беру мақсатында «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» ММ-сі осы мәселе бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

PS. Мәтінге редакция тарапынан ешқандай өзгерту жасалмай, жауап қаз-қалпында беріліп отыр.

Н.ОРЫНБАЕВ,

Жазқазған қаласы әкімінің орынбасары.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2578
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px