Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

Облыстық сотта пленар­лық мәжіліс болып өтті. Онда об­лыс­­тық соттың төр­ағасы Е.Се­рікбаев аймақ­тағы сот корпусының жаңа төрағала­рымен таныстыр­ды. Пре­зи­денттің «Қазақстан Рес­­­публикасы соттарының төр­­­ағалары мен судьяларын қыз­­­­метке тағайындау және қыз­меттен босату туралы» Жар­лығына сәй­кес, Қарағанды облысы  кәме­лет­ке толмағандар ісі жөнін­дегі мамандандырылған аудан­ара­­лық соттың төрағасы болып Алмасбек Жақангерұлы Түткеев тағайындалды. А.Тү­т­­ке­ев 1961 жылы туған. Бі­лі­­мі жоғары. 1988 жылы С.Ки­­ров атындағы Қазақ мем­лекеттік уни­верситетін «Құ­қық­тану» маман­дығы бо­йынша тәмам­даған. Заң ғы­лым­да­ры­ның кандидаты.

Сонымен қатар, Ел­ба­сының Жарлығына сәйкес, Қазыбек би атындағы аудан­дық соттың судьясы болып Төлеген Жа­бықбайұлы Дарибеков та­ғайындалды. Т.Да­ри­беков 1978 жылы туған, білімі жоғары. 2000 жылы Қонаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетін «Құқықтану» ма­­мандығы бойынша бітірген.

Алма ТҮСІПБЕКОВА,

облыстық сот баспасөз орталығының бас маманы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 819
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px