Сын негізсіз жазылған - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

«Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі (№67 (22 172) нөмірінің 1-ші бетінде жарияланған «Мәдениет үйіне мән берілмей отыр» атты негативті сипаттағы мақалаға қатысты хабарлайды:

Авторы Жұлдыз Тойбек бо­лып табылатын мақалада «Халық­қа биліктегілердің «Жөндеу жұмыс­тарына қаржы бөлініп жатыр» деген сияқты сырғыма-сөзі емес, нақты ісі керек» деген сөздері орынсыз болып табылады. Мақаланы жарияламас бұрын аталған мақалаға арқау болған «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйіне қатысты мән-жайды анықтап алу керек еді.

«Жаңа Майқұдық» мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмысын жүргізу мәселесі Қарағанды қаласы әкімдігінде 2015 жыл ағымында бір­неше рет көтерілді және 2015 жыл­дың қараша айында Қарағанды қалалық мәслихаты тарапынан қолдау тапты.

Нәтижесінде 2016 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, «Жаңа Май­құдық» мәдениет үйіне терезе жап­сар­лары мен жақтауларын ауыс­тыра отырып, қасбетіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қалалық бюджеттен 53 092,0 мың теңге бөлінді.

2016 жылғы 15 сәуірде атал­мыш рәсімді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңына сәйкес, ашық конкурс жарияланды. Бүгінгі күні конкурс жеңімпазы анықталды, жөндеу жұмыстары мамыр айында басталатын болады.

Аталмыш ақпаратты «Орта­лық Қазақстан» газетінің ал­дағы сандарының бірінде мақа­лаға жауап ретінде жариялау­ларыңызды сұраймын.

Б.НҰРТАЕВА,

«Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімі» ММ басшысы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 177
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px