Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.10.2017

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев облыс орталығы арқылы өтетін облыстық және республикалық маңызы бар автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстарымен танысты.

Нақтырақ айтсақ, А.Дүй­себаев «Стройпластмасс» зауыты жанындағы және «Сабырхан» орталық байыту фабрикасы аймағынан өтетін республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар» авто­көлік жолдарының жөндеу жұмыстарын бақылады. Ол ЖБИ аймағынан Ақтас поселкесінің бұрылысына дейінгі автокөлік жолының бөлігінің жөнделуіне ерекше мән берді. Себебі, мұның алдында ғана бірінші орынбасар республикалық маңызы бар жолдың сапасыз жөнделуі, шұрық тесіктердің көптігін айтып, «Қазавтожол» ҰК» АҚ облыстық филиалының жұмысын қатты сынға алған болатын. Тұрғындардан арыз-шағым көп түсетінін ескерткен еді.

Айтылған сынның нәтижесі де жоқ емес. Жөндеу жұмыстары басталып, мердігер «АрмСтрой» ЖШС белгіленген. Ол жолдың екі бөлігін, ЖБИ-ден Ақтас поселкесіне дейін және «Сабырхан» ОБФ аймағының 941-946 шақырымын жөндейді. Жалпы ұзындығы сегіз шақырым болатын жөндеу жұмыстарына 207,49 млн. теңге бөлінген. 29 техника мен 37 адам жұмылдырылған.

Автожолдың белгіленген екі бөлігіне 92630 м2 асфальтты-бетон төселіп, тегістегіш қа­бат қойылады. Жұмыстың аяқталуы биылғы жылдың қазанына жоспарланған. Нысанды аралау барысында А.Дүйсебаев жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

 

Облыс әкімдігінің

баспасөз қызметі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 7932
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1183
count 88x31px