Ұсынамыз гүл шоғын - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Ұсынамыз гүл шоғын
Қазақ өнерінің қанатының кеңге жаюына айтарлықтай үлес қосып жүрген жандар баршылық. Солардың бірі –Гүлжамал Көшенқызы Әбішева. Ол ҚР мәдениет саласының үздігі. Күйші атамыз Тәттімбет атындағы Өнер колледжінде бірнеше жылдан бері абыройлы еңбек етіп келеді. Бұдан бұрын Гүлжамал Көшенқызы Қарағанды қаласындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінде 25 жыл еңбек етіп, шығармашылық тұрғысынан шыңдалды, тәжірибе жинақтады. Осы жылдар ішінде көптеген шәкірттер тәрбиелеп шығарды.Одардың басым бөлігі Қазақстанның түкпір-түкпірінде өнер саласында қызмет етуде. Ал, шәкірті Әбілқайыр Сағымбаев екеуі «Домбыраға арналған шығармалар» атты кітап шығарды. Мұның өзі домбыра үйренуші жасөспірімдерге таптырмайтын оқу құралы. Шәкірт дегеннен шығады, Тәттімбеттің 200 жылдығына орай өткізілген VІ республикалық байқауда оқушысы Самал Мағауия бас жүлдені жеңіп алды. Тағы бір шәкірті Темірлан Шөкенов дипломат атанды.
Күй – қазақ өнерінің құдіреті. Сонау бабалардан қалған асыл мұраны саф алтындай сақтап, келер ғасырға жалғастыра беру бүгінгі өнер тарландарына тікелей байланысты. Соларға аманат. Міне, ұлт алдындағы үлкен жауапкершілікті жете түсінген Гүлжамал Көшенқызы бар білімін, күй құдіретінің қыр-сырын оқытудағы тәжірибесін жас ұрпаққа үйретуде. «Ұшар қанатқа өріс кең» дейді атам қазақ. Өзінің шәкірттеріне әрқашан риза көңілмен қарап, таланттарын ұштай түседі. Ұстаз – шәкіртімен қадірлі. Гүлжамал Көшенқызының қазақ өнеріне қосқан сүбелі үлесі ауыз толтырып айтарлықтай. Оған жылма-жыл шәкірттерінің әртүрлі байқауларда олжа салып, биік тұғырдан көрінуі дәлел. Күй күмбірі – бабалардан қалған мирас, онда замана сыры, тарих тағлымы, қазақ елінің мұң-зары, қуанышы жатады. Осыны терең жүрек сезімімен түсініп, шәкірттің бойына сіңіру де оңай шаруа емес. Ұлағатты ұстаздың туған еліне деген, тәуелсіздік тағлымына деген тарту таралғысы осындай.
Көпке сыйлы, достыққа адал, шәкірттерінің сүйіктісі Күлжамал Көшен­қызына №3 балалар музыка мектебінің оқытушысы Жайнагүл Мұқышева 8 наурыз қарсаңында замандасына жыр жолдарын арнаған.
Қазақтың дами берсін күй өнері,
Ежелден бұл өнерді сүйер елі.
Гүлжамал, Сізбен бірге
                                      шәкірт­терің,
Байқаудың болсын тағы бас иегері.
Шөлдегенде шөліңді ішкі қандырар,
Алаулатып жанарға от жандырар.
Әрбір күйін қуанышпен
                                    қарсы алып,
Мақтан тұтар қаншама оның
                                     досы бар.
Біздің де өзіңізге ұсынар бір шоқ гүліміз болсын, игі тілекті қабыл алыңыз. Көктем мерекесі жаныңызды жадыратып, шығармашылық табыс әкеле берсін, қадірлі Гүлжамал Көшенқызы!

Айгүл ӘМЕНОВА,
Қ.Аманжолов атындағы
балалар музыка
мектебінің оқытушысы.

Суретте: ҚР мәдениет саласының үздігі Гүлжамал Әбішева.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 307
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px