Ұсынысымыз бар... - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Ұсынысымыз бар...
Бір жерде шоғырланған ұлт­тық, конфессиялық, діндік көптігі жағынан еліміз әлемде алдыңғы қатарда тұр. Осыған қарамастан біздің еліміз өзінің тастай ауызбіршілігінен ажыраған емес.
Мұның өзі еліміз басшылы­ғының, оның ішінде, тікелей біздің Елбасымыздың жеке басының еңбегі деуіміз керек.
Бейбіт өмір сүруге көп нәрсенің керегі жоқ екендігін біздің еліміздің мысалынан көруге болады. Бізде ұлттық дәстүрге, діни нанымға шектеу қойылмаған. Тәуелсіздік алғаннан бері де ширек ғасыр өтсе де сенім, нанымға байланысты бірде-бір арыз, шағым түскен емес. Керісінше салт-дәстүрді дамытуға барынша жағдай жасалуда. Қазақстан халықтар Ассамблеясы аясында мұндай жұмыстардың пәрменді жүргізіліп жатқанын өз көзімізбен көріп отырмыз.
Мұның бәріне мұсыл­ман жамағат қуанады, риза­шылығын білдіреді. Олардың қатары күн санап өсуде. Бұл тек қазақ ұлтына ғана емес, басқа да ұлттарға қатысты. Асыл дінімізге басқа ұлт өкілдері де көптеп енуде. Мешіттегі жастарымызбен қатар қария­ларымыздың да қатары қою­лана түсуде.
Осының барлығын алысқа ұзамай-ақ туған қаламыз Қарағандыдан көруге болады. Осыдан толық емес бес жыл бұрын Елбасымыз Н.Назарбаев 2011 жылғы 20 қарашада еліміздегі ірі мешіттердің бірі-Қарағанды мешітінің салтанатты ашылуында болып, қалың жамағатқа ыстық ықыласын жеткізген еді.
Қарағандылықтар діни ор­ындарда мұсылмандық парызын өтеуге мүмкіндік алып, Елбасымызға ризашылығын білдірген-ді. Міне, сол мәселе бүгінде алдымыздан қайта шығып отыр. Бұл ең алдымен қаламыздың Бұқар жырау, Чкалов, Гоголь, Жауынгер-интернационалистер көшелері­нің тұрғындарына қатысты. «Алтын шаршы» деп аталатын бұл өңірге мешіт салу мәселесі кеңестік заманнан бері айтылып келеді.
Бір ғана цирк маңайын алайықшы. «Грейс» шіркеуі жұмыс істеп тұр. Комиссаров көшесінің бойында «Құдай храмы» орналасқан. Ал Ержанов көшесінің бақ алаңында Петр және Павл шіркеуі салтанатын асырып тұр.
Мұсылман жамағаты үшін де осы өңірден мешіт салу уақыты жетті деп білеміз. Қалалықтар қашанғы Майқұдық пен Оңтүстік-Шығысқа жүгіре береді?

Әлібек БЕКТҰРҰЛЫ.

Қарағанды қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 134
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px