Құтқару қызметтері сайысқа түсуде - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Еліміздегі құтқару қыз­меттерінің өкілдері Қарағандыға жиналуда. Кеше облыс орталығындағы «Шахтер» стадионында өрт-құтқару спортынан ерлер арасындағы ХХІІІ республикалық жазғы чемпионаты мен әйелдер арасындағы ІІІ республикалық жазғы чемпионатының жалауы желбіреді.

 

Стадиондағы ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков пен ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қатысты.

– Өрт-құтқару қызметтері еліміздегі тосын оқиғалардың алдын алып, зардаптарын жоюда үлкен жұмыстарды атқарып келеді. Қоғамдағы тыныштық пен қауіпсіздікті сақтауда төтенше жағдай қызметтері жұмыстарының маңызы зор. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығының арқасында бүгінде қазақстандық құтқару күштері заманауи техникалармен, үздік құрылғылармен жабдықталған. Өңірлердегі құтқару қызметтері сапында кәсіби, тәжірибесі мол мамандар қызмет етеді. Білікті кадрлар дайындау ісіне барынша көңіл бөлінуде. Мұның барлығы қазақстандықтардың мамыражай, бейбіт өмір сүруіне жасалып отырған басты алғышарттардың негізі болып табылады, – деді өз сөзінде сайыскерлерді құттықтаған аймақ басшысы.

Осы жерде облыс әкімі Жезқазған және Теміртау қалаларының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімдеріне жол талғамайтын арнайы екі көліктің кілтін табыс етті.

Салтанат барысында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жарысқа қатысушыларды құттықтап, сайыста сәттілік тіледі.

Аталған чемпионат жыл сайын еліміздің әр өңірінде өткізіліп келеді. Биылғы республикалық доданы өткеру қарағандылықтардың еншісіне бұйырды. Барлық аймақтардағы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің құрамалары сапында келген 400-ден астам спортшы осы бәсекеде күш сынаспақ.

Жарыс үш күнге созылады. Чемпионат барысында өрт сөндірушілер бірнеше кезеңде бәсекеге түседі. Атап айтқанда, бірінші күні қатысушылар 400 метр қашықтыққа созылған өрт сөндіру эстафетасында жылдамдық байқасады.

Екінші кезеңде сайыскерлер шабуыл сатысы арқылы жедел кө­теріліп, кедергілер арқылы 100 метр қашықтықты бағындырады. Ал, соңғы күні жауынгерлік қимылдарды көрсету бойынша жарысады.

Мұндай жарыстар өрттен құтқару қызметтері мамандарының кәсіби шыңдалып, бір-бірімен тәжірибе алмасуына септігін тигізері сөзсіз. Еліміз тәуелсіздік алған күннен бастап аталған қызмет түрі жыл санап дамып келеді.

Осы уақыт аралығында ерлер арасында – 22, әйелдер арасында – 2 республикалық чемпионат өткізілді. Жастар арасында 14 облыс, 2 қала, ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институты, «Өрт сөндіруші» АҚ және Тараз мамандандырылған колледжінің командалары қатысқан 6 ел чемпионаты абыроймен өткерілді. Былтырғы чемпионаттарда өрт-құтқару спорты бойынша 5 рекорд жаңартылды.

2001 жылы Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ха¬лық¬ара¬лық спорттық федера¬циясының құрылуымен өрт-құтқару спорты Еуропа мен Азияның 20 дамыған мем¬лекетінің құрамаларының қа-тысуымен халықаралық спорт түрі мәртебесіне ие болды. Бұл жарыстарда қазақстандық құраманың өкілдері жеке сынақта да, жалпыкомандалық есепте де жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.

Қазақстан құрамасы 2004 жылдан бері Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халық¬аралық спорттық федера¬циясына мүшелікке енді. Сол уақыттан бері халықаралық, әлемдік турнирлер мен Еу-ропа біріншіліктеріне үзбей қатысып келеді.

2010 жылдан бері өрт-құтқару спорты бойынша ел құрамасы Ұлттық командалардың штаттық ди-рекциясы мен Қазақстан Рес¬публикасының спорттық резер¬віне енгізілді. Сол арқылы ҚР ІІМ ТЖК құрамасы өрт-құтқару спорты бойынша ҚР Ұлттық құрамасы мәртебесін иеленді.

Құрама осы мерзім ара¬лығында ауыз толтырып айтар¬лықтай биіктерді бағындырды. Мәселен, 2011 жылы Гер¬манияның Котбус қаласында өрт-құтқару спортынан өткен VІІ әлем чемпионатында жалпы-командалық есепте ІІІ орынға көтерілді.

2014 жылы Алматыда өткен Х әлем чемпионатында ерлер құрамасы жауынгерлік қимылдар көрсету сыны бойынша жеңімпаз атанды. Ал, әйелдер құрамасы жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді.

2015 жылы Ресей астанасы Мәскеу қаласындағы «Кешенді қауіп¬сіздік – 2015» халықаралық салоны шеңберіндегі өрт-құтқару спорты бойынша өткен жарыстарға қатысып, «Достық» кубогі және «Алтын шабуыл» сайыстарында абыр¬ойлы өнер көрсетті. Жарыс қорытындысында, Қазақстан құрамасы қола медальді қан¬жығаға байлады.

Санкт-Петербург қаласын¬дағы былтырғы ХІ әлем чем¬пионатында ерлер командасы жауынгерлік қимыл сыны бойынша екінші мәрте әлем чемпионы атанды. Ал, әйелдер құрамасы қола медальді ол-жалап қайтты.

Бұл жетістіктердің барлығы елі¬міздең құтқару қызметтері саласында қолға алынып отырған жемісті жұмыстардың нәтижесі екені айқын. Ре¬спубликалық сайыстарда ыс¬ылып, тәжірибе жинаған жігіттер халықаралық додаларда топ жарып келеді. Осы орайда, Қарағандыда өтіп жатқан жарыс¬ты әлемдік аламандар алдындағы дайындықтардың бірі деп біліңіз.

 

Суретті түсірген Л.ГАЛИМОВ.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2559
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px