Таңғажайып Тараз - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

 Таңғажайып Тараз
Қазақстандағы 2000 жылдық, бәлкім, одан да ұзақ сонар тарихы бар ең көне қаланың бірі – Тараз. Аталған қалаға жолым түсті биыл. Онда алтыншы рет өтіп отырған блогқұрылтайға бардым.

Ғаламтор кеңістігіндегі қазақ тілді сайттардың сапасын арттырып, жастардың блогқа деген қызығушылығын тудыру – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Осы мақсаттағы құрылтайға келген біз бір жағы – бүгінгі ақпарат кеңістігіндегі ғаламтордың хал-ахуалын бағамдасақ, екінші жағы – көне қаладағы халқымыздың тарихи мұраларымен таныс болдық. Ұлттық көне мұраларымызды бұған дейін теледидардан тамашалап, кітаптардан оқып-білгеннен гөрі, көзбен көргенге не жетсін! Археологтар орталық базардың астынан тапқан тарихи құндылықтарды, іші көне жәдігерлерге сықаған таңғажайып мұражайды аралап жүріп ежелгі ғасырлар қойнауына сүңгіп кеткендей әсерге шомдым. Қазақ хандығының 550 жылдық тойының құрметіне тұрғызылған Керей мен Жәнібек хандар монументінің айбыны – ауыз толтырып айтарлық. Ерекше ескерткіштер қатарына жатқызуға болады. Алаш жұрты үшін беделі биік, құндылығы орасан бұл ескерткіш тарлан тарихымыздың тұма-бастауы іспетті. Одан бөлек Тектұрмас, Қарахан, Айша бибі және Бабаджа қатын кесенелерін араладық. Бұлардың да өзіндік тарихы бар. Сонау ғасырларда салынған кесенелер кейіннен жаңартылған.
Тараз қаласында орналасқан барлық көне тарихи ескерткіштермен танысып, көп мағлұмат алып қайттық. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында барлық жерден жиналған блогерлер ағаш отырғыздық. Құрылтай және тарихи қалаға жасаған экскурсиямыз осылай аяқталды.


Әйгерім НҰРТАЗА,
ҚарМУ-дың ІІ курс студенті.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 545
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px