Тарихта қалған әйелдер - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Тарихта қалған әйелдер
Жұлдыз  ТОЙБЕК,
«Орталық Қазақстан»
                                     
«Әйел – отбасының тірегі, демек, мемлекеттің де тірегі» деген Елбасымыз  Н.Назарбаевтың сөзі Қазақстанның барлық әйелдеріне деген терең құрметі мен ризашылығын білдіріп қоймай әрі оларға үлкен сенім жүгін артады. Қай ғасырда да болсын әйелдер қоғамның ауыр жүгін арқалай білген. Тарихқа көз жүгіртейік.
Облыстық мемлекеттік мұрағатта «Орталық Қазақстан тарихындағы әйелдер» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл шараны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қарағанды облысының 80 жылдық мерейтойына орайластырып өткізді.
Дөңгелек үстелге мемлекеттік билік өкілдері, білім, ғылым, мәдениет, экономика, спорт, қоғамдық ұйым өкілдері, жеке кәсіпкерлер, аймақтың іскер әйелдер қауымдастығы мүшелері, мұрағатшылар қатысты. Облыстық мемлекеттік мұрағаттың директоры Жанагүл Тұрсынова сөйлеген сөзінде қоғамның қай саласында болсын қиындыққа қайыспаған қарағандылық әйелдермен мақтанатынын жеткізді. Елімізге есімі белгілі әйелдердің өнегелі ісі, жүрген ізі тарихта мәңгі қалатынын айтты. Мұрағат қорынан «Сарыарқаның даңқты қыздары» атты тарихи-құжаттамалық көрме ұйымдастырылды. Көрмеге көп ұлтты көмірлі қаламызға зор еңбегі сіңіп, облысымыздың өркендеуіне үлес қосқан нәзік жандардың ерлік істері жөніндегі деректер қойылды. Солардың қатарында: қоғам қайраткері Фатима Дәненова, партия қызметкері Дина Абдрахимова, ҚазКСРО Халық әртісі Жамилә Шашкина, Таисия Давыдова, Қарағанды қаласының тұңғыш дәрігері Вера Барановская, Ядвига Алалыкина, мұрағат қызметінің ардагері Анна Ефременко, ұстаздар Глафира Алелекина, Надежда Чапурина және тағы басқасы бар.
ҚР Білім беру ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері Раиса Тамабаева:  – Бүгінгі заманда қоғамның барлық саласын әйелдерсіз елестете алмайсың. Олар жыл озған сайын еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуындағы күрделі мәселелерді шешіп, мемлекетіміздің дамуына үлес қосып отыр. Өздерінің табандылығымен, білімділігімен, жан-жақтылығымен қоғамдық саяси істерге де белсене ат салысып келеді, – дейді. Облыстық ардагерлер Кеңесінің мүшесі К.Аймолдина  Ұлы Отан соғысында әйелдердің майданда және тылда тартқан ауыр тауқыметтерін еске салып өтті.
Қазіргі күнде де ел аузында жүрген нәзіктілер назардан сырт қалған жоқ. Әлем чемпионы Геннадий Головкиннің анасы, белгілі тележурналист Сағат Батырхан, белгілі диктор Галина Рахимова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сәулеш Мұқанова осы бас қосудың құрметті қонағы болды.
Құрметті аналарға қаладағы №5 орта мектебінің оқушылары концерттік бағдарламасын ұсынды. Сазгер Л.Мельникова өзінің ана жөніндегі әнін орындады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 307
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px