Тартымды әңгіме өрбіді - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Тартымды әңгіме өрбіді
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»


Жақында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Бауыржан АСАНОВ бастаған ақпараттық-насихат тобы Шет ауданына қарасты Ақой селолық округінде болып, ауыл тұрғындарымен тақырыптық мазмұндағы кездесу өткізді.

Кездесу барысында Бауыржан Қоңырбайұлы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында алға қойылған міндеттер мен оларды іс жүзіне асыруға қатысты атқарылған нәтижелі жұмыстар, сондай-ақ, жүргізілуі тиісті жоспарлы шаралар туралы баяндама жасады. Топ басшысының баяндамасына ықыласпен құлақ түрген жұртшылық облыстағы игі істердің мән-жайына, әсіресе, аса маңызды сала – ауыл шаруашылығындағы тың бастамалар мен олардың ел экономикасына жағымды әсері хақындағы деректерге жете қанықты. Сала басшысы мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі жайлы да тартымды әңгіме өрбітті.
Сонымен қатар, ақпараттық-насихат тобының құрамындағы облыстық әділет басқармасы басшысының орынбасары Рахмет Базылов пен облыстық жас­тар ресурстық орталығының директоры Ақжол Құрмансейіт өздері қызмет атқаратын салалар бойынша кең көлемді сөз қозғап, тұрғындар тарапынан туындаған сан түрлі сауалдарға тиянақты жауаптар қайтарды.
Жылыжүзді жүздесу кезіндегі салмақты әңгімеден қоғамның әр саласындағы түйткілді мәселелердің түйіндері тарқатылып жатқанын пайымдаған ауыл тұрғындары облыс орталығынан келген меймандарға шынайы пейілмен алғыс айтып, еңбектеріне жеміс тіледі.

ШЕТ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 240
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px