Теміртау – татулық ұясы - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Теміртау – татулық ұясы
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»


Елбасының алғашқы еңбек Отаны, бірліктің ұясы іспетті Теміртау қаласының жұртшылығы ынтымақ мерекесі күні Восток мәдени-демалыс саябағында тоғысып, «Бір ел – бір Отан» тақырыбындағы бағдарламаны қызыға тамашалады.
Мерекелік салтанат қала әкімі Ғалым Әшімовтің салиқалы әрі сындарлы құттықтау сөзімен ашылды. Қала басшысының жүрекжарды лебізін Елбасымен еңбек жолында серіктес болған ардагер металлург Қуаныш Омашов, қалалық мәслихат депутаты Юлия Маратова,  «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнының директоры Вадим Басин және басқа да халыққа танымал қайраткерлер жарасымды жалғастырды.
Содан кейін қалың ел соны лептегі бағдарлама аясында жоспарланған кешенді іс-шараларға пейіл қойды. Этно-мәдени орталықтар өнерпаздарының концерті, сахналық қойылымдары көрермен көңіліне қонымды болды. Ұтымды ұйымдастырылған алуан түрлі ойын-сауық бағдарламалары да халықты бей-жай қалдырмады. Осы ретте мерекелік сауда-саттық ал­аңындағы елдің қарасы да қалың болғанын айта кеткен ләзім.
Сол күні теміртаулықтар ұлт­аралық сүйіспеншіліктің шынайы көрінісі­не куә болды. Жастар неке сарайында жас жұбайлар Серік және Каринаның некесі қиылып, салтанатты рәсімге қала әкімі, ардагерлер алқасы, этно-мәдени орталықтар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Шаңырақ көтерген жастарды қала басшысы құттықтап, қадірменді қария бата берді. Шаттық сезім құшағындағы жас жұбайлардың қуанышын кәріс, татар, поляк, грек этно-мәдени бірлестіктері өнерпаздары құттықтау жоралғысымен орындаған әндер еселей түсті.
Қысқасы, татулық ұясындағы тартымды шаралар бұқараға айықпас әсер сыйлады.

ТЕМІРТАУ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 170
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px