Терроризммен күрес – ымырасыз - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Терроризммен күрес – ымырасыз
Ақтөбедегі қайғылы оқиға жанымызды түршіктірді. Айдың-күннің аманында, бейбіт заманда қару алып, көшеге шыққан қара ниетті жандардың сойқаны жағамызды ұстатты. Олар біреуді әкесінен, біреуді ағасынан, біреуді баласынан айырды. Ел болып аза тұттық.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталған жағдайға байланысты ресми мәлімдемесінде терроризммен күресті күшейту қажеттігін айтты. Қандықол қарақшылардың қылмысы кешірілмейтіндігін, оларға заң бойынша ең ауыр жаза қолданылатындығын жеткізді. Осы орайда, Елбасының пікіріне толықтай қосыламын. Ойламаған жерден бүлік шығарып, бірнеше отбасыны қайғыға душар қылған, апталдай азаматтарды қанға бөктірген террористерге ешқандай да кешірім болмауы тиіс.
Ел халқы Президенттің сөзін басшылыққа алып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы қажет. Бір жұдырықтай біріксек қана, біз ғасыр дертіне айналып отырған терроризмді, діни экстремизмді жеңе аламыз. Асыл ислам дінінің атын жамылып, бейбіт жұртты қан қақсатқан қара пиғылды қаскөйлерге біздің қоғамда орын жоқ.
Увайс Джанаев,
«Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің жетекшісі,
облыстық ҚХА төрағасының орынбасары.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 387
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px