Тиісті шаралар атқарылуда - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Өздеріңіз білетіндей, Еркіндік ауылында күйдіргі дертімен ауырған малдың етін тұтынған екі адам аурухана төсегінде көз жұмды. Бүгінде 7 адам – дәрігерлер қарауында. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, олардың жағдайлары бірқалыпты.

23 маусым күні қайтыс болған марқұмдардың сүйегі көпшілік қорымда жерге берілді. Марат Мұхтаровтың айтуынша, жерлеу барысында барлық санитарлық талаптар сақталған.

Бүгінгі күндері ауыл аумағында ветеринариялық шаралар қарқынмен жүргізілуде. Ауылдың малы күніне екі рет ветеринар мамандардың арнайы тексеруінен өтіп тұрады. Ауыл тұрғындары да ұдайы бақылауда. Ауылдағы 70-ке жуық жанға күн сайын антибиотиктер беріліп келеді.

Қайтыс болған, ауырған адамдармен тікелей қарым-қатынас құрған 13 үйде дезинфекциялау жұмыстары жүргізілген. Үйлердегі жатын орны, киім-кешек түгелдей өңдеуден өткізілген.

Карантин қай уақытқа дейін созылары белгісіз. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындарының ұсынысымен қаңғыбас иттер мен мысықтардың көзі жойылуда. Ол үшін Еркіндікке инсинератор – арнайы пеш жеткізіліп, ит пен мысық өлекселері өртелуде.

Баспасөз мәслихатында Марат Мұхтаров ірі қараның ауруды қайдан жұқтырған келешекте анықталатындығын айтты. Ал, әзірге, малды сойып, көршілерге таратқан мал иесі ауылдың мал дәрігерін «сиырды сойма» деп айтпады деп жазғырып отыр екен. Өз кезегінде, мал дәрігері «сой» деп айтпағандығын алға тартуда. Екі кісінің өліміне әкелген оқиғаның анық-қанығын құзырлы органдар өкілдері тексеруде.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 759
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px