Өтпежол - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Өтпежол
Рауан ҚАБИДОЛДИН,
«Орталық Қазақстан»

Теміртау қаласына іргелес Ақтау кентінен Астана қаласына шыға беріс жолда алып құрылыс жобасы қолға алынған. Астана-Қарағанды тас жолы автобанға айналады деп сендірген «ҚазАвтоЖол» осы тұстағы өтпежолды да назардан тыс қалдырмапты. Арнайы барып, құрылысшылармен жүздестік.
Қос шаһардың арасын жалғап тұрған «күретамыр» күн сайын өзгеруде. Асфальттың артықшылығын білгенімізбен, бетонның беріктігі одан да зор. Әдетте, ғимараттың іргетасына қолданылатын осынау өнім, тас жолға да таптырмас қоспа болып шықты. Алайда, бүгінгі айтарымыз ол емес.
Темір тұлпарды тізгіндеген адам үшін өтпежолдың да орны бөлек. Әсіресе, республикалық, облыстық маңызы бар жолдарда қажетті бұрылысқа кезек күтіп көріңіз. Үлгеремін деп, үйдей пәлеге «соқтығып», артынан адам шығыны орын алып жатқан жағдайлар аз емес. Ал, жоғары жылдамдықпен зулаған көліктерді мұндайда тежегіш те тоқтатып үлгермейді. Осындай олқылықтың алдын алатын да өтпежол екен.
Таңғы сағат онның шамасы. Құрылысы қауырт жүріп жатыр. Бағымызға орай құрылысқа басшылық етушілер де осында екен. Облыстық газеттен келгенімізді айтып, әңгімеге тартып көрдік. Түсінгеніміздей, бұл жобаны жүзеге асыруға «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Қарағанды облыстық филиалы тапсырыс берген екен. Мердігер – қызылордалық «Дорстрой» ЖШС. Түрік ағайындарымыздың серіктестігі болып шықты.
Исмет ӘБІЛОВ, жасанды құрылыстар инженері:
 – Биылғы жылдың ақпан айында кірістік жұмысқа. Алдымен, ескі өтпежолды бұзу жұмыстары жүргізілді. Жұмысшылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің жалпы саны – жиырма тоғыз адам. Қазір өтпежолдың іргетасын бетондау және бағаналар тұрғызу жұмыстары жүріп жатыр.
Бұл өтпежолдың басты міндеті – қозғалыстағы көлікті кідіріссіз Ақтау кентіне алып бару. Сондықтан, экономикалық әрі географиялық маңызы зор осынау кентке апарар жолдың маңызын айтпаса да белгілі. Жергіліктің халықтың нәпақасына келсек, бұл жерде бүгінгі таңда он бірдей жерлесіміз тер төгуде.
Әзірге негізі қаланып жатқанымен, бұл жобаның жылдам жүзеге асатыны таңғалдырды бізді. Исмет Әбіловтің айтуынша, құрылыс жұмысы қыза түскен уақытта қырық адамға дейін жұмылдырылып, биылғы жылдың қыркүйек айында бұл өтпежол қолданысқа беріледі. Ал, құрылыстың іргетасынан бастап, толық аяқталуына дейін күн сайын техникалық қадағалау жүргізетін – «Жол-Сапа» ЖШС. Ісіне сенген құрылысшылар өтпежолға елу жыл кепілдік беріп отыр.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 176
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px