Қуанышқа кенелтті - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Қуанышқа кенелтті
Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері Қарағанды қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен бірлесіп, Ұлы Отан соғысындағы тыл еңбеккері, қаржы жүйесінің ардагері Лидия Ивановна ГРУЗДЕВАНЫҢ шаңырағына арнайы барып, мамыр айындағы мерейлі мерекелермен құттықтады.

Тыл және еңбек ардагері биылғы жылдың наурыз айында 97 жасқа толған болатын. Ол сұрапыл соғыс жылдарында өзі дүниеге келген Ресейдің Ярослав облысы, Некрасов аудандық қаржы бөлімінде экономист болып жұмыс істеген. Лидия Ивановна 1946 жылы «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Сол жылы оған «Ұлы Отан соғысындағы тыл еңбеккері» мәртебелі атағы берілген.
1960 жылдың ақпан айынан бастап, Л.Груздева Қарағанды қалалық қаржы бөлімінде есепші, кейіннен мемлекеттік кірістер бөлімінің есепке алу жөніндегі аға инспекторы қызметтерін атқарды. Ол Қазақстанның қаржы жүйесінде еңбек еткен жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен, «Еңбек ардагері» және «Социалистік жарыстың жеңімпазы» медальдарымен марапатталды.
Өзін ойда жоқта қуанышқа кенелткен ізбасар әріптестерінің ықылас-пейіліне шексіз риза болған ардагер оларға алғысын жаудырды. Ал, өз кезегінде, облыстың мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері мен Қарағанды қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері тәлімі терең аға буын өкіліне бақуатты ғұмыр, мықты денсаулық тіледі.

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 178
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px