Қуаты артқан «Қайнар» - Әлеумет - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

– Аудан бойынша құнарлылығы төмен алқаптар бізде. Жұмыс дұрыс жолға қойылды. Оған жеткен жетістіктеріміз дәлел. 34200 гектар егіс алқабының 33 мың гектарына дән сіңірдік. Қазір соңғы гектарларға дән сіңірудеміз. Диқандар екі ауысымда, күндіз-түні жұмыс жүргізуде. Топырақтың жоғарғы қабатын, әсіресе, арамшөптерді тіліп отырып, ылғал қорын сақтай отыра тұқым себетін 11 кешен, 24 «К-700» тракторы мен тұқым тасушы 20 трактор жүр қазір үш бригадада. Мұнымен қоса, арамшөптерді қопармай, химиялық әдіспен жоюдамыз. 75 млн. теңгеге биылғы егіс алқабына керек арамшөппен күресетін химиялық қоспа алынған.

Бригадирлер Қ.Көкішов, Е.Сураев, С.Ахметов пен агрономдар Б.Сәтжанов, В.Сметана, А.Хамзинаның еңбегін ерекше бағалаймын. Бәрі – өз ісінің мамандары, – деп атап өтті «Қайнар» ЖШС директоры С.Нығметов.

Сонымен қатар, бүгінгі егіс даласында ерекше белсенділік танытып жүрген В.Сударович, П.Степанов, Т.Ибраев, Е.Алтынов сынды механизаторлардың көрсеткіштерін мақтан тұтатынын да жасырмады.

Бұл серіктестіктің екінші бағыты – мал шаруашылығы. Кілең етті бағыттағы 1300-ден астам «Әулиекөл» асыл тұқымды ірі қарасымен ерекше. Бүгінгі күні де бір өзі тоннадан астам тартатын бір-үш жылдық аралығындағы бұқаларын, соңынан бұзауын ертіп, еркін жайылып жүрген аналықтардың екі табынын көрдік. С.Нығметовтің айтуы бойынша, осы жүрген биылғы төлінің өзі 8-10 айдың ішінде 300-350 келі салмақ жинайды екен. Бұл тұқымның қаны таза бұқалар қазір серіктестік республика бойынша саудалауда.

Серіктестік жыл бойына 250-ге тарта жанды үздіксіз жұмыспен қамтып отыр. Жалақысы да жаман емес. Орташа есеппен алғанда, жұмыскерлердің бір айлық еңбекақысы 100 мың теңгеден асып жығылады.

Ал, ауыл іші бабына келіп, жайнап тұр. Ауыл тұрғындарына бар жағдай жасалған. Ас атасы – нанды өз наубайханасында пісіріп, жұма сайын жамағат жаңа мешітте тізе қосып, сәждеге жығылады. Мәдениет үйіне жан бітіріп, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұған менмұндалап тұрған сауықтыру кешенін қосыңыз. Ондағы бассейн мен жаттығу залына жастар жүйелі түрде барады. Бір қуантарлығы, 30 жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан аудандық жазғы спартакиадада Щербаковское ауылы бас жүлдені ешкімге берген емес. Ауылдық дәрігерлік амбулатория да қалтқысыз қызмет көрсетуде. Мұның барлығы – кейінгі 10 жыл шамасында «Қайнар» серіктестігінің әлеуметтік сала бойынша атқарған жұмысының нәтижесі.

 

Тазагүл ПІШЕНБАЕВА.

НҰРА ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 342
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px